«Қаржылық сауаттылықты арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды
Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» қағидаты аясында Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Аманат» партиясының астаналық филиалымен бірлесе отырып, «Қаржылық сауаттылықты арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты қаржы пирамидаларын анықтау, сондай-ақ құмар ойындарға қарсы тұру болып табылады.
Аталған іс-шараға сондай-ақ мәслихат депутаттары, «Жастар рухы» жастар қанаты, Астана қаласы әкімдігінің Жастар саясаты басқармасының өкілдері қатысты.
Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері талқыланған әрбір тақырып бойынша шынайы мән-жайлармен, сондай-ақ кез келген азаматтың ұшырауы мүмкін тәуекелдермен бөлісті.
Департамент қызметкерлері сондай-ақ азаматтарды қаржы пирамидаларынан қорғайтын шаралар туралы әңгімелеп, қандай да бір компанияға инвестициялаудың алдында оларды ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайттарында, сондай-ақ «Baiqa, piramida» телеграм-бот бойынша мұқият тексеруге кеңес береді, бұл компанияны қаржы пирамидасы белгілерінің мәніне тексеруге мүмкіндік береді.
Қаржылық алаяқтыққа халықтың тұрақты иммунитетін қалыптастыру мақсатында Департамент ел арасында, сондай-ақ студенттер мен мектеп оқушыларының арасында ақпараттандыру-түсіндіру шараларын тұрақты түрде өткізіп келеді.
https://youtube.com/shorts/IQjAAzY-A3M?feature=share
[xfvalue_img]

2 пікір