Астана полицейлері студенттермен діни экстремизмнің алдын алу бойынша кездесу өткізді
Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері Еуразия гуманитарлық институтының студенттері үшін дінді зерттеу орталығымен бірлесіп ақпараттық-түсіндіру кездесуін ұйымдастырды. Кездесу барысында «студент жастар арасында діни және ұлттық экстремизм идеяларының таралуының алдын алу» тақырыбында дәріс тыңдалды. Жастар алдында полиция қызметкерлері мен Дінді зерттеу орталығының теологы сөз сөйледі.
Студенттер кездесу барысында көрсетілген бейнематериалдарды талқылауға белсенді қатысты. Қоғамда, оның ішінде ең алдымен жастар арасында діни экстремизмнің алдын алуды күшейтуге ерекше назар аударылды. Тыңдаушылар тарапынан қызығушылық танытылып, сұрақтар қойылды және оларға толық жауаптар берілді.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]