Кәсіпкер әйелдер Business Turar акселерация бағдарламасының көмегімен бизнесті жаңа деңгейге шығарады

Кәсіпкер әйелдер Business Turar акселерация бағдарламасының көмегімен бизнесті жаңа деңгейге шығарады

Қазақстанда Business Turar атты жаңа онлайн бизнес-акселерация бағдарламасының алғашқы кезеңі басталды. Бағдарлама әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін қолдайтын Coca-Cola Belesteri жобасының шеңберінде әзірленген.

2020 жылдан бастап жобаның барлық түлектері арасында жүргізілген ауқымды сауалнама нәтижесінде бизнесті дамытуға қажетті қосымша білім алуға сұраныс бар екені анықталды. Бұл жаңа бағдарламаның жасалуына түрткі болды. Сауалнаманы жүргізу кезінде ерекше белсенділік танытқан қатысушылар Business Turar акселерация бағдарламасына оқуға алғашқылардың бірі болып шақырылды. Олар 2025 жылғы 1 наурызға дейін бағдарлама аясында оқуын жалғастырады.

Қазақстандағы Бизнес-тренерлер қауымдастығының сарапшыларымен бірлесе отырып, Business Turar бағдарламасы қосымша тереңдетілген білім мен бизнесті дамытуға қажетті құралдарды ұсынады. Бағдарлама қатысушылары өздерінің мықты жақтарын айқындап, кәсіпкерлігін кеңейтіп, тұрақты даму мүмкіндігіне ие болады.

Бұл бағдарлама 1-3 жылдық кәсіпкерлік тәжірибесі бар, Business Qymyz немесе Business Órken бағдарламалары бойынша сертификат алған, бизнесті жаңа деңгейге көтеруді қалайтын кәсіпкер әйелдерге арналған. Бағдарламаға қатысу тегін және оған тек ұйымдастырушының шақыруымен ғана қатысуға болады.

Акселерация бағдарламасының келесі кезеңдеріне қатысуға ниет білдіргендер ccb.kz сайтында Coca-Cola Belesteri жобасы аясында бизнес негіздерін оқып, сертификат алып, кейін Business Turar бағдарламасына қосыла алады.

Coca-Cola Belesteri қайырымдылық жобасы аясында 12 жыл ішінде 135 мыңға жуық әйел кәсіпкерлік негіздері бойынша оқудан тегін өтті. Олардың басым бөлігі 2020-2024 жылдар арасында білім алды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.