Әлеуметтік жобалар қазақстандық жастардың бизнес-білімге деген қызығушылығының артқандығын көрсетеді

Әлеуметтік жобалар қазақстандық жастардың бизнес-білімге деген қызығушылығының артқандығын көрсетеді

     "Belesteri" ("Өсу сатылары") әлеуметтік жобасының ұйымдастырушылары Астана қаласында өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін кезекті оқу маусымының және жыл сайынғы гранттар конкурсының қорытындысын шығарды. Аталған бағдарлама Қазақстанда қатарынан 12 жыл жұмыс істеп келеді және оны халықаралық "Coca-Cola қоры" қаржыландырады

            Бизнес негіздерін оқыту, оның ішінде "жасыл" технологияларды қолдана отырып, ауылда бизнес жүргізуге оқыту  https://ccb.kz және https://farmerschool.kz веб-сайттарында барлық тілек білдірушілер үшін тегін түрде қол жетімді. 2024 жылы 20 000-нан астам адам осындай оқудан өтті.

            "Belesteri" жобасының статистикасы көрсеткендей, қатысушылардың көпшілігі 35 жасқа дейінгі жас әйелдер. Жобаны ұйымдастырушылар - "Әлеуметтік динамика" қоғамдық қоры, "Жасыл" экономика және G-Global дамуын қолдайтын коалиция" ҚЗТ, "Coca-Cola" халықаралық қайырымдылық қоры, бизнесте алғаш қадамдар жасап жатқан әйелдерге арналған гранттарды бөле отырып, жастар санатына үлкен көңіл бөлуде.

            2024 жылдан бастап жобада жастарға арналған "Business Оrken" https://ccb.kz/orken жаңа білім беру бағыты ашылды, оған жас ер адамдар да қатыса алады. Жастар үшін грантқа жеке конкурс өткізіледі. Биыл "Belesteri" жобасы өз бизнесін құруға немесе дамытуға 30 грант береді, оның ішінде 10 грант - жастарға арналған. 2023 жылы әйелдерге арналған 20 гранттың 7-і байқаудың жас қатысушыларына берілген еді. 

            "Әлеуметтік динамика" ҚҚ деректері Қазақстандағы бизнес-оқытуға деген сұраныстың барын көрсетеді. Мәселен, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда "Belesteri" жобасындағы оқыту бағдарламаларына қатысушылардың саны 22%-ға өскен, бұл 2024 жылы жобаға және бизнес-оқытуға деген қызығушылықтың артқанын дәлелдейді.

            https://ccb.kz білім беру жобасының ең белсенді қатысушылары -Алматы, Ақмола және Қарағанды облыстарының өкілдері. Ағымдағы жыл Ақтөбе, Атырау, Жетісу және Маңғыстау облыстарының қатысушылары санының өскенін көрсетті. ШҚО, Ұлытау және Қостанай облыстары ең тиімді облыстар болып шықты. Оларда қатысушылар саны аз болғанымен, басқаларға қарағанда әйелдер мен жастар арасындағы конкурсқа жіберілген жақсы бизнес-идеяларға құрылған сәтті өтінімдер басым болды. Мәселен, Қостанай облысы бойынша жеңімпаздардың ең көп саны, яғни 3 адам анықталды.

            Солардың бірі Жанна Берст "Ресурстарды үнемдейтін "жасыл" технологияларды қолдана отырып, жыл бойы жасыл шөп пен көкөніс өсіретін гидропоникалық ферма" жобасы үшін 4000 доллар грант алды.

            Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда байқауға қатысушылар саны 43%–ға өскен. Ұйымдастырушылардың пікірінше, танымалдылыққа 12 жыл бойы тұрақтылық, тегін көрсетілетін қызметтердің сапасы, сенім және ccHYPERLINK "https://ccb.kz/"bHYPERLINK "https://ccb.kz/".kz әлеуметтік жобасының кең танылуы әсер еткен.

            Небәрі 12 жыл ішінде кәсіпкерлік білім беру бағдарламалары бойынша 119 547 адам оқудан өткен, үздік бизнес-идея конкурсынан 5000-нан астам қатысушы және 150-ден астам қатысушы грант иегері атанған. Білім беру бағдарламалары https://ccb.kz техникалық платформасының өзі сияқты бірнеше рет жаңартылды, ал аталған сайтқа кірушілер саны айына 10 мыңға жеткен.

            Ағымдағы жылы жоба үздік идеяға оқыту мен конкурсын бірнеше ағымда ұсынды. Осы жазда басталған 2024 жылғы Coca-Cola Belesteri байқауының бірінші маусымы небәрі 4 айда 621 өтінім жинап, әйелдер арасында 10 және жастар арасында 4 жеңімпазды таңдаумен аяқталды.

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.