Мәжіліс жерді қорғау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс жерді қорғау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауға қатысты түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдап, бірқатар заң жобаларын Сенатқа жолдады. Палата комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа алды. Жұмыста қабылдаған жаңа заң жобаларының қатарында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы да бар. – Заң жобасы республикалық референдум қорытындылары бойынша ел Конституциясына енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленді. Атап айтатын болсақ, үстіміздегі жылғы 8 маусымдағы  Заңмен Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Ата Заңның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды. Осыған байланысты, бұл заң жобасымен құқықтық негіздің жоқтығын ескере отырып, тиісті Конституциялық заңның күшін жою көзделеді, – деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов. Парламентке келіп түскен заң жобаларының ішінде резервтегі қызмет мәселелері, экологиялық таза көлікті танымал ету және электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске толықтырулар енгізу туралы заң жобалары бар. Мәжіліс депутаттары бүгін жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарап, мақұлдады. Жобаның міндеті – жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жетілдіру. «Жер қатынастары саласындағы қызметтерді сапасыз немесе уақтылы көрсетпегені үшін жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының жауапкершілігі белгіленеді. Заң жобасын іске асыру жергілікті атқарушы органдар көрсететін қызметтердің сапасын арттырып, халықтың жалпы мемлекеттік аппаратқа деген сенімін арттырады», – деді жоба туралы баяндама жасаған Ауыл шаруашылық министрі. Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Аманғали Бердалин өз баяндамасында заң жобасы бойынша жер қатынастары субъектілері де әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтты. – Олар топырақтың құнарлы қабатын жойғаны немесе заңсыз алып тастағаны, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі жер пайдалану құқығын иеліктен шығарған жағдайда хабарламағаны үшін жауапты, – деп түсіндірді депутат. Ол сондай-ақ әкімдіктерге геодезия, картография және кеңістік деректері саласындағы әкімшілік істерді қарау құқығы берілгенін, ал сауда қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау жергілікті атқарушы органдардан Сауда және интеграция министрлігіне берілгенін айтты. Заң жобасын талқылауды қорытындылаған Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов заңсыз басып алынған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесі барлық мемлекеттік құрылымдардың басымдылығы болуы керектігін атап өтті. Сонымен қатар бұл мәселеде мүдделі министрліктер, Бас прокуратура, депутаттар, қоғам белсенділері бірлесіп жұмыс істеуі керектігіне назар аударды.  – Қайтарылған әрбір гектар жерді халық көруі керек. Цифрлық даму министрлігімен бірге бұл мәселені пысықтап, келесі аптада біз бұған мүмкіндік беретін интерактивті картаны көруіміз қажет, –  деді Мәжіліс төрағасы. Сонымен қатар мәжілісмендер кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібін сақтау мәселелері бойынша бірлескен бақылау іс-шараларын өткізу туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жіберді. Мәжіліс сондай-ақ кейбір конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Мемлекет басшысының кейбір тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша Сенаттың заң жобаларына енгізген түзетулерімен келісті.  

https://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id49890/1/1



[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.