Мәжіліс «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңға түзетулерді қабылдады
Бүгін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Онда депутаттар «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Конституциялық заң жобасына Сенат енгізген толықтырулармен келісті. Отырыста Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов Сенат толықтырған түзету «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 3-бабы 2)-тармақшасын жаңа редакцияда ұсынып отырғанын атап өтті. Депутаттың айтуынша, мемлекеттің тәуелсіздігін, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару нысанын, Республика қызметінің түбегейлі қағидаттарын өзгерту мәселелерi референдум талқысына қойылатын мәселелер бола алмайды. Осы тармақшаның қолданыстағы редакциядағы «тәуелсіз Қазақстанның Негізін салушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптерін және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесін өзгерту» деген сөздерді Парламент Сенаты алып тастауды ұсынды, – деді Арман Қожахметов. Жиын соңында Мәжіліс «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Конституциялық заң жобасына Парламент Сенаты енгізген толықтырумен келісті.
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]