Астанада АӨСШК Арнайы жұмыс тобының отырысы өтті

Астанада АӨСШК Арнайы жұмыс тобының отырысы өтті

Қазақстан СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Талғат Қалиевтің төрағалығымен онлайн форматында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) Арнайы жұмыс тобының (АЖТ) отырысы өтті.

Отырыс барысында қатысушылар АӨСШК Экология мәселелері жөніндегі министрлік конференциясының қорытынды құжат жобасын, Талдау орталықтары форумының іс-шаралар жоспарын,  сондай-ақ 2024-2025 жылдарға арналған «АКТ пайдалану қауіпсіздігі мен АКТ қауіпсіздігі» басым саласының тұжырымдамасын қарастырды.

Сонымен қатар, іс-шара барысында мүше мемлекеттер АӨСШК мен Еуразиялық экономикалық комиссиясы арасындағы бірлескен іс-шаралар жоспарын, Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиямен (АТМЭӘК) ынтымақтастық туралы меморандумның жобасын, сондай-ақ БҰҰ Терроризмге қарсы басқармасымен ынтымақтастық орнату перспективаларын талқылады.

Кездесудің қорытындысы бойынша АӨСШК Аға лауазымды тұлғалар комитетіне (АЛТК) ү.ж. 27 маусымда Астанада өтетін кезекті АЛТК отырысында аталған мәселелер бойынша шешім қабылдауға ұсыныс жасалды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

47 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.