Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерімен АӨСШК өзекті мәселелері бойынша брифинг өткізілді
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов пен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) Хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбай бейнеконференция форматында АӨСШК-ге мүше мемлекеттердегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары үшін брифинг өткізді.
Брифингке қатысушылар АӨСШК-дегі қазақстандық төрағалықтың ағымдағы күн тәртібінің өзекті мәселелері туралы хабардар етілді. 2022 жылғы қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Кеңестің 6-шы Саммитіне сапалы дайындық қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында дипломатиялық өкілдіктер басшыларының кеңесте қазақстандық төрағалықтың басымдықтарын іске асыру бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндамалары тыңдалды.
Бұдан басқа, АӨСШК-ні одан әрі дамыту және трансформациялау, Сенім шаралары каталогын іс жүзінде имплементациялау, Кеңестің 30 жылдығына арналған арнайы іс-шараларды өткізу және т.б. мәселелер бойынша пікір алмасылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар АӨСШК-дегі қазақстандық төрағалықтың басымдықтары мен міндеттерін тиімді ілгерілету мақсатында өзара тығыз іс-қимылды жалғастыруға келісті.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
7 пікір