Қазақстан мен Словакия ЕҚЫҰ шеңберінде және екіжақты тректе  өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған

Қазақстан мен Словакия ЕҚЫҰ шеңберінде және екіжақты тректе өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған

 

Словакияда 8-9 шілдеде өтіп жатқан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесіне қатысу шеңберінде Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Словак Республикасының Сыртқы істер министрі Мирослав Лайчакпен келіссөздер жүргізді.

Тараптар ЕҚЫҰ аясындағы өзара іс-қимылдың, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқылады.

Қазақстан тарапы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз міндеттеріне кіріскен Словакияның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына жоғары баға берді. Братислава бүгін ЕҚЫҰ алдында тұрған міндеттерді шешуге елеулі үлес қосатыны атап өтілді.

«Біз Словакияның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының белгіленген басымдықтарын қолдаймыз және өз тарапымыздан төраға қызметін одан әрі табысты орындауға барынша жәрдем көрсетуге дайынбыз», – деді Қазақстан СІМ басшысы.

Талқылаудың маңызды тақырыптарының бірі Нұр-Сұлтанда ЕҚЫҰ Тақырыптық орталығын құру туралы қазақстандық бастама болды. Осы идеяның өзектілігі мен қажеттілігі атап өтілді, оны іске асыру Екінші (экономикалық-экологиялық) өлшемде Ұйым қызметінің тиімділігін және оның беделін арттыруға, сондай-ақ оның мекемелерінің неғұрлым біркелкі географиялық көрсетілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ЕҚЫҰ Төрағасы ел тарихындағы ең бәсекелі жуырда өткен президенттік сайлаудың қорытындылары, Қазақстандағы соңғы саяси өзгерістер және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың әл-ауқатын арттыруға ерекше назар аудара отырып, елдің одан әрі экономикалық өсуін қамтамасыз етуге арналған бағытымен егжей-тегжейлі танысты. Қазақстан сындарлы, теңдестірілген және көпвекторлы сыртқы саяси бағытты жалғастыратыны атап өтілді.

Әлемдік саясаттың жалғасып келе жатқан турбуленттілігі жағдайында тараптар ү.ж. сәуір айында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үш диалогты» шақыру туралы бастамасының маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті, онда екінші диалог Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздік саласындағы проблемаларды бірлесіп шешу үшін ЕҚЫҰ және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) әлеуетін біріктіруді білдіреді. Осыған байланысты осы жылдың күзінде өзара іс-қимылды жолға қою үшін екі ұйым хатшылықтарының кездесуін өткізуге сапалы дайындық қажеттігі атап өтілді.

Тараптар ЕҚЫҰ кеңістігінде ұзақ мерзімді тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше рөл атқаратын Ауғанстандағы жағдайды жеке тармақпен талқылады. Осыған байланысты Ауғанстанды әскери емес әдістермен қалпына келтіруге жәрдемдесу 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға қазақстандық төрағалық ету басымдықтарының бірі болды.

Осы тұрғыда қазақстандық тарап ағымдағы жылдың күзінде Нұр-сұлтан қаласында ЕҚЫҰ жанындағы қатысушы мемлекеттердің тұрақты өкілдерін Қазақстанға сапармен байланыстыра отырып, Ауғанстан бойынша арнайы іс-шара өткізуді ұсынды. ЕҚЫҰ осындай іс-шараны өткізу ұйымның жағдайды реттеуге және Ауғанстанды конфликтен кейінгі қалпына келтіруге тартылуын арттырады.

Екі жақты ынтымақтастық мәселелеріне қатысты тараптар өткен жылы дипломатиялық қатынастардың орнатылуының 25 жылдығын атап өткен Қазақстан мен Словакия арасындағы өзара іс-қимылдың айтарлықтай жоғары деңгейін атап өтті. Осы жылдар ішінде елдер арасында сенімді және сындарлы диалог жолға қойылған, шарт-құқықтық және институционалдық база қалыптасқан.

Қазақстан Словакияны Орталық және Шығыс Еуропа мен Еуропалық Одақтағы негізгі саяси және экономикалық серіктестердің бірі ретінде қарастырады.

Қазақстан-словак сауда-экономикалық ынтымақтастығын жандандыру қажеттілігі және қазақстандық тараптың бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделілігі атап өтілді. Бүгінгі таңда ҚР-да словак капиталының қатысуымен 30-дан астам компания жұмыс істейді.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.