Қазақстан және ЕҚЫҰ: жаһандық қауіпсіздікті нығайту үшін бірлескен әрекет

Қазақстан және ЕҚЫҰ: жаһандық қауіпсіздікті нығайту үшін бірлескен әрекет

«Қазақстанның сыртқы саясатының басты басымдықтарының бірі, сенім, өзара түсіністік және қауіпсіз әлем құруға негізделген көп жылдық серіктестік байланыстырамыз бар, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен тығыз қарым-қатынас жасау болып табылады. Сонымен бірге, Қазақстанның 2010 жылындағы табысты төрағалығы, ХХІ ғасырдағы жалғыз Саммиттін өткізуі және Астана декларациясын қабылдауы ЕҚЫҰ қызметіне қосқан маңызды үлестері болды», – бұл  туралы Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов пен ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы Төрағасы – Сыртқы және еуропалық істер министрі Мирослав Лайчакпен бүгін Қазақстанның астанасында өткен кездесуінде мәлімдеді.

М. Лайчак Орталық Азияға өңірлік турдың бөлігі ретінде сапармен Қазақстанға келіп, сапар аясында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Сенат Төрағасы Дариға Назарбаевамен кездесулер өткізді.

Министрлер келіссөздер барысында ЕҚЫҰ-ның күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары, халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасулар болды.

Б. Атамқұлов Словакияның ЕҚЫҰ Іс басындағы Төрағасы лауазымындағы қызметіне жоғары баға берді, оның басты мақсаты - сенім мен қауіпсіздікті нығайту, қақтығыстарды болдырмау, трансұлттық қауіп-қатерлерге қарсы тұру, профилактикалық дипломатия мен медиацияны қолдану болып анықталған басымдықтардың өзектілігі мен қажеттілігін атап көрсетті.

«Сіздің төрағалығыңыздың басымдықтары еуразиялық қауіпсіздік платформасын құру қажеттігі туралы Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамасымен үйлеседі. Атап айтқанда, біз 1975 жылғы Хельсинки Қорытынды актісінің 45 жылдығына орай 2020 жылы Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі халықаралық конференцияны өткізу бойынша, сондай-ақ ЕҚЫҰ, АӨСШК және АСЕАН Форумы арасында консультативтік-кеңес кездесуін ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деп атап өтті СІМ басшысы.

М. Лайчак Қазақстан Орталық Азия аймағында сондай-ақ  ЕАЭО кеңістігінде маңызды рөл атқаратынын мәлемдеді.

ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы Төрағасы қазіргі жағдайда превентивтік дипломатия мен медиация жанжалдарды алдын-алу мен шешудің танымал құралдары болып табылатынын белгілеп, қазақ тарапына Словакия төрағалығының жұмысын және анықталған басымдықтарын оң бағалағаны үшін алғыс білдірді.

М.Лайчак Қазақстанның ЕҚЫҰ қызметіндегі сындарлы рөлін оң бағалады. Словакиялық дипломаттың айтуынша, «Қазақстан теңдестірілген және прагматикалық ішкі және сыртқы саясатының арқасында Ұйымның берік әрі сенімді серіктесі болып табылады. Бұған словакия төрағалығымен ЕҚЫҰ-ның Экономикалық және экологиялық комитетіндегі Қазақстан өкілінің төрағалық мерзімін ұзатуы аңық айғағы болды».

Өзара әрекеттесудің өзекті мәселелерінің бірі ретінде тараптар жауапкершілік аймағы бойынша ЕҚЫҰ құрылымдарын біркелкі негізде орналастыру перспективаларын талқылады. Сонымен бірге, осы саладағы Ұйым қызметінің тиімділігін арттыратын далалық миссиялардың жаңа форматқа көшу маңызы ерекше аталып өтті. Осындай болашақ форматтардың бірі ретінде, Қазақстан тарапы Ұйымның экономикалық және экологиялық өлшемдерінің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру басты мақсаты болатын ЕҚЫҰ-ның орнықты өзара байланысы жөніндегі тақырыптық орталығын құруды ұсынды.

Сұхбаттастар ағымдағы жылы Нұр-Сұлтанда жоспарланған Ауғанстан жөніндегі ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейдегі іс-шарасын дайындау мәселесін қарастырды.  Бұл іс-шара Ұйымның осы елдегі жағдайына қайтадан назар аударылуына мүмкіндік бере отырып, барлық үш өлшемде ынтымақтастықты нығайтуға толықтай үлес қосатынын атап өтті. Б. Атамқұлов Ауғанстанның келешектегі дамуы сол елдің қайта құру үдерісіне, ЕҚЫҰ-ымен бірге мүдделі сыртқы актерлердің қатысу дәрежесіне байланысты болады деген сенімін білдірді.

Тараптар Қазақстанның сыртқы саясатындағы экономикалық бөлігінің маңызын ескере отырып, Словакиямен екі жақты ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударды. Нұр-Сұлтан мен Братислава өзара мүдделі түрлі салалардағы ынтымақтастығымен қуатталған ұзақ жылдар бойы жалғасып келе жатқан достық қарым-қатынастары бар екенін ерекше атап өтті. Өткен жыл екі ел арасындағы қарым-қатынастар ерекше болды, әсіресе Қазақстанға Словакияның Премьер-Министрі Петер Пеллегринің алғашқы ресми сапары өтті, сауда-экономикалық ынтымақтастық және саяси консультациялар бойынша үкіметаралық комиссиясының кезекті отырыстары өткізілді.

Кездесу барысында министрлер екі ел арасындағы бірлескен және көп жақты ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ ЕҚЫҰ мен Словакия Республикасымен екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз хабарламасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

1 пікір

  1. аватар
    8DAY 17 августа 2024 17:53

    8DAY là nhà cái uy tín, mang đến trải nghiệm cá cược trực tuyến đa dạng và hấp dẫn cho người chơi.
    Website: https://8day-casino.com/

    HELLO88 là nhà cái cá cược trực tuyến, nổi bật với dịch vụ chuyên nghiệp và nhiều ưu đãi hấp dẫn.
    Website: https://hello88-casino.com/

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив