Қазақстандық ет Әмірліктер дүкендерінде сатылуда
Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының бірлескен күш-жігерінің арқасында 2019 жылғы маусымда «Оптоград» қазақстандық компаниясы Парсы шығанағы елдерінің барлық аумағында кеңінен ұсынылған БАӘ-дегі «LuLu» гипермаркеттерінің ірі көтерме-бөлшек сауда желісінің сөрелеріне қазақстандық қой етін екі рет жеткізуді жүзеге асырды.
«Оптоград» компаниясының директоры Алмат Берденовтың айтуынша, шетелде сауда жасау әрқашан белгілі бір тәуекелге ие, алайда Әмірліктердің нарығы сапалы азық-түлік өнімдеріне баға мен сатып алу сұранысы есебінен тартымды. «Әрине, күмәным болды. Ең алдымен, көптеген әмірлік сатып алушылар алдын ала төлемсіз жұмыс істейді. Біздің кейбір жабдықтаушыларымыз осы себепті жеткізілімдерді жасауға бел бумаған», - деді қазақстандық кәсіпкер.
Ағымдағы жылдың сәуір айының соңында қазақстандық дипломаттардың қолдауымен Әбу-Дабиде қазақстандық бизнесмендердің Сауда миссиясы ұйымдастырылды. «Сол кезде біздің еліміздің БАӘ-дегі Елшісі Мадияр Меңілбеков маған қажетті сәтте кеңес беріп, шешім қабылдадым. Шын мәнінде, барлығы өз жұмысын жасады: Сыртқы сауда палатасы кәсіпкерлердің сапарын ұйымдастырып, Елшілік қажетті және беделі жоғары іскер топтарды шақырды. Ал мен өз кезегінде кәсіпкер ретінде құрылған бизнес мүмкіндіктерді пайдалана алдым», - деді А. Берденов.
Қазақстандық экспортты ілгерілетуге жәрдемдесу Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының маңызды басымдықтарының бірі. «Экономикалық дипломатияны жүзеге асыру аясында Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің жұмысындағы маңызды міндет қазақстандық кәсіпорындардың өнімдерін шетелдік нарықтарға жылжыту болып табылады. Сондықтан біздің Елшілік эмираттық нарықтың ерекшеліктері мен реттеу шарттарын ескере отырып, азық-түлік өнімдерін қоса алғанда, қазақстандық тауарларды экспорттаушыларға қолдау көрсету және дипломатиялық көмек көрсету бойынша қолда бар әлеуетті барынша арттыруға және пайдалануға тырысады», - деп атап өтті Қазақстан Елшісі М. Меңіллбеков.
Естеріңізге сала кетсек, бұл сәтті сауда миссиясын өткізу қарсаңында М. Меңілбековтың БАӘ сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының президенті Мухаммед Тани Муршид Ганнам аль-Румейсимен, «LuLu Group» ірі компаниясының төрағасы және басқарушы директоры Юсуф Алимен және басқа да жоғары өкілдермен кездесуі өтті. Нәтижесінде, миссияға қатысушылар тікелей келіссөздер жүргізуге, сондай-ақ БАӘ жағдайында ынтымақтастық үшін перспективалық бағыттарды талдауға мүмкіндік алды.
Қазақстандық еттің алғашқы партиясы эмираттық тұтынушылардың сөрелерінде жатыр. Сондықтан жақын арада екі ел арасындағы басқа да табысты сауда-экспорттық жобалардың іске асырылуы күтілуде.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
[xfvalue_img]
19 пікір