ШЫҰ бақылаушыларының миссиясы Қазақстандағы президенттік сайлауға үлкен мән береді

ШЫҰ бақылаушыларының миссиясы Қазақстандағы президенттік сайлауға үлкен мән береді

Сыртқы істер министрлігінде сыртқы саяси ведомствоның басшысы Бейбіт Атамқұловтың кезектен тыс президенттік сайлауға қатысатын Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Байқаушылар миссиясының басшысы ретінде Қазақстанға сапармен келген ШЫҰ Бас хатшысы Владимир Норовпен кездесуі өтті.

В. Норов ШЫҰ Хатшылығы ұйымның соңғы 15 жылдағы қызметінің 48-ші миссиясы болып табылатын қазіргі миссияға үлкен мән беретінін атап өтті.

«Алдағы сайлау өте бәсекелі болып табылады және жеті кандидаттың, соның ішінде түрлі саяси бағдарламаларды ұсынған нәзік әйелдердің қатысуы арқасында қазақстандық сайлаушылар үшін шынайы кең таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді», - деп атап өтті ШЫҰ Бас хатшысы.

ШЫҰ Миссиясының байқаушылары Қазақстанның 7 ірі қаласындағы сайлау учаскелерінде жұмыс істейтін болады. Миссия құрамында 25 ШЫҰ-ға мүше жеті мемлекеттердің заң шығару, атқарушы және сайлау органдарының өкілдері, сондай-ақ Ұйымның тұрақты органдары болып табылатын Хатшылық пен Аймақтағы терроризмге қарсы құрылым Атқарушы комитетінің ресми тұлғалары бар.

СІМ-де өткен кездесуде сұхбаттасушылар Шанхай ынтымақтастық ұйымының саясат пен қауіпсіздік, сауда және экономика, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық бағыттағы ықпалдасу барысын талқылады. Оған қоса, 13-14 маусымда Бішкек қаласында өтетін ШЫҰ Саммитінің күн тәртібі мен дайындық барысы талқыланды. Осы тұрғыда қазақстандық Министр ү.ж. 22 мамырда Бішкекте өткен Ұйымның сыртқы істер министрлерінің осы іс-шараны дайындау жөніндегі кеңесінің қорытындысын, сондай-ақ жалпы Қырғызстанның ШЫҰ-ға табысты төрағалық етуін ерекше атап өтті.

ШЫҰ Бас хатшысы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұйым аясындағы, бірінші кезекте, көпжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттарын нығайтуға бағытталған бастамаларына жоғары баға берді.

ШЫҰ шеңберіндегі өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылатыны және Нұр-Сұлтан Ұйым шеңберіндегі ынтымақтастықтың барлық бағыттарын теңгерімді дамытуды қолдайды. Сонымен қатар, Қазақстан ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастықтың басым мәні мен ұзақ мерзімді перспективасы бар екенін негізге алады.

Қазіргі таңда Шанхай ынтымақтастық ұйымы белсенді дамып келе жатқан экономикалардың кеңістігіне айналуда. Сауда-экономикалық ынтымақтастық Ұйым қызметінің маңызды құрамды бөлігі болып қала беруде және оның өзектілігі арта түсуде. ШЫҰ-ның барлық дерлік елдерінде өндірістік кооперацияға айрықша мән беріле отырып, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалуда.

Осыған байланысты сауда, инвестиция, мәдени-гуманитарлық және туристік салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту үшін Орталық Азия елдерінің күш-жігерін біріктіру қажеттілігі атап өтілді.

Бас хатшы В. Норов Қазақстанның ШЫҰ-ның дамуына үлесін жоғары бағалап, еліміздің Ұйымдағы тұғырлы орнына ерекше мән берді. Бұның айғағы ретінде Үндістан және Пәкістан толыққанды мүше болып қабылдану арқылы ШЫҰ-ны кеңейту туралы тарихи шешімдер қабылданған 2017 жылғы Астана саммитінің қорытындыларына тоқталды.

Анықтама: ШЫҰ Хатшылығы 2004 жылдан бастап сайлауларда байқаушылықты жүзеге асыруда. 15 жылдың ішінде 47 миссия, оның ішінде 10-ны Қазақстанға жолданды.

ШЫҰ байқаушылары 48-ші миссиясының Штабы Ұйым Хатшылығы және мүше мемлекеттерді қамтитын 25 қатысушыдан құралған. Миссия жұмысы республикалық маңызы бар 3 қалаларды және 6 облысты қамтиды (Ақмола, Алматы, Атырау, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды және Түркістан облыстары).

ШЫҰ 2001 жылы құрылды. Басты мақсаттары - өзара сенімділікті, достық және татукөршілікті нығайту, саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, білім, энергетикалық, көліктік, экологиялық және т.б. салалардағы тиімді ынтымақтастықты ынталандыру болып табылады.

ШЫҰ-ға мүше елдер - Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан. ШЫҰ-ға байқаушы елдер - Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия. ШЫҰ-ның диалог бойынша әріптестері - Армения, Әзербайжан, Камбоджа, Непал, Түркия және Шри-Ланка.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.