2019 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті

2019 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті

 

2019 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, оған саяси партиялар мен ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының өкілдері қатысты. Отырыста мынадай мәселелер қаралды:

  1. «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында сайлау алдындағы пікірталастар мен пікірсайыстарды өткізу туралы»
  2. «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы»

 «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында сайлау алдындағы пікірталастар мен пікірсайыстарды өткізу туралы»

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында сайлау алдындағы пікірталастар мен пікірсайыстарды өткізу туралы қаулыны қабылдады.

Қабылданған қаулымен сайлау алдындағы телевизиялық пікірталастар мен пікірсайыстар күні анықталды - 2019 жылғы 29 мамырда  Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының телевизиялық арнасы эфирінде өткізіледі.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында сайлау алдындағы телевизиялық пікірталастар мен пікірсайыстарды жүргізу тәртібін көздейтін регламент әзірленді.

Телепікірталастар 3 раундқа бөлінген.

Бірінші раундтың тақырыбы - «Қазақстанның экономикалық даму басымдықтары». Сайлау алдындағы телевизиялық пікірталастар мен пікірсайыстардың бірінші раунды екі турды қамтиды.

Бірінші турда әрбір қатысушы өзінің сайлау алдындағы бағдарламасын  таныстыру мақсатында сөз сөйлейді.

Екінші турда қатысушылардан өздерінің оппоненттеріне «сұрақ-жауап» түрінде пікірсайыс сессиясы жорамалданады. Қатысушылар өздерінің оппоненттеріне екі сұрақтан қойып, сондай-ақ екі сұраққа жауап бере алады.

Екінші раундтың тақырыбы - «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы».

Екінші раундтың бірінші турында қатысушылар берілген тақырып бойынша сөз сөйлейді.

Екінші турда жүргізушілердің барлық қатысушыларға бір сұрақ қоюы жорамалданады.

Үшінші раундтың тақырыбы - «Сайлаушыларға арнау».  Үшінші, қорытынды раундта қатысушылар тікелей сайлаушыларға арнап сөз сөйлейді.  

 

«2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы»

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Хамитқызы Баймолдина өз баяндамасында 2019 жылғы 6, 13, 21 мамырда Орталық сайлау комиссиясы 125 байқаушыны аккредиттегені туралы хабарлады. Оның ішінде:

109 байқаушы бес халықаралық ұйымнан: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Парламентаралық Ассамблеясынан, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы мен Ислам ынтымақтастық ұйымынан;

16 байқаушы Армения, Болгария, Грузия, Малайзия, Молдова, Латвия, Ресей Федерациясы және Түркияның орталық сайлау органдарының өкілдері болып табылатын 8 шет мемлекеттен.

2019 жылғы 2 және 23 мамырда Сыртқы істер министрлігінен бірқатар Миссиялардың байқаушыларын аккредиттеуге ұсыныстар келіп түсті:

- 19 байқаушы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар Миссиясының құрамында;

- 24 байқаушы Шанхай ынтымақтастық ұйымынан байқаушылар Миссиясының құрамында;

- 10 байқаушы Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясынан;

- 63 байқаушы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламентаралық Ассамблеясынан.

Сонымен қатар Әзербайжан, Беларусь, Латвия және Моңғолияның орталық сайлау органдарының өкілдері болып табылатын шет мемлекеттерден 7 байқаушы ұсынылып отыр.

Бүгінгі күні 123 байқаушының барлығы аккредиттеуге шығарылды.

Аккредиттеуге ұсынымдардың келіп түсуіне қарай байқаушылар жөніндегі деректер жаңартылатын болады.

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2019 жылғы 3 маусым күнгі сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырады.

Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден байқаушылар саны 24 мамырға 248 адамды құрады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.