Қазақстанға өндірімділікті өсіруді ынталандыру және өсіру үшін ауқымды реформа қажет

Қазақстанға өндірімділікті өсіруді ынталандыру және өсіру үшін ауқымды реформа қажет

Экономикалық өсу қарқынының баяулау үдерісін еңсеру үшін, Қазақстанға өндірімділікті арттыру шараларын қабылдау керек. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің бүгін ұсынылған есебінде баяндалған.
Жаңа «Қазақстан: өндірімділік тоқырауынан арылу» экономикалық меморандумында өндірімділікті өсіруді ынталандыру және өсіру үшін, жеке меншік секторды нығайтуға қатысты, компаниялардың бәсекелестік қабілетін арттыруға, экономикадағы мемлекеттің рөлін қысқартуға, заңның үстемдігі мен жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған, мұқият дайындалған реформа қажет екені баса айтылған.
Энергоресурстардың бағасы өсуінің, ішкі сұраныстың жылдам жоғарылауының және инвестиция ағынының артуы арқасында 2000 жылдары Қазақстанның экономикалық өсу қарқыны тамаша болды. Осы кезеңде кедейлік пен теңсіздік деңгейінің айтарлықтай қысқарғаны көрсетілген. Бірақ, 2008 жылғы жаһандық экономикалық дағдарыстың салдарынан Қазақстан экономикасының өсуі баяулап, 2000-2007 жылдардағы 10 пайыздан, 2008-2017 жылдары 4 пайызға дейін төмендеді.
«Соңғы жылдары Қазақстанда өндірімділіктің өсуі біршама баяулады, оның салдары халық табысының өсуіне және олардың әл-ауқатына кері әсерін тигізді», - деп Дүниежүзілік Банктің Орта Азиядағы аймақтық кеңсесінің жетекші экономисі Хулио Ревилла пікір білдірді. «Осы мәнмәтінде елге жеке меншік секторын нығайтуға арналған ауқымды реформалар қажет. Бұл өз кезегінде әртараптандыруға және бәсекелестік қабілетті арттыруға, жалпы экономикалық өсуге алып келеді». 
 
Қазіргі болжамдарға қарағанда, өндірімділік деңгейін көтермесе Қазақстан жан басына шаққандағы табыс деңгейінің тұрақты төмендеуіне ұшырайды. Қазақстанға 2050 жылы әлемдік 30 экономиканың қатарына кіру мақсатына жету үшін ЖІӨ-ң 60 пайызынан асатын инвестиция керек. Өндірімділік тоқырауын жою үшін, бұл цифрдың өзі шындықтан алшақ жатыр.
 
«Бизнес жүргізу» (Doing Business) рейтингіндегі озық отыз елдің қатарына кіру үшін, Қазақстанға өндірімділікті арттыру бағытын ұстану аса маңызды. Қазір - өндірімділікті арттыруға бүкіл күшті жұмылдырудың ең қолайлы сәті, бұл Қазақстан экономикасының өсуін жаңа белеске жеткізеді», - деді Дүниежүзілік банкінің Қазақстандағы тұрақты өкілі Френсис Ато Браун
 
Есепте ауқымды реформаларға қажет негізгі үш бағыты көрсетілген:

  • Бизнестің барлық субъектісіне тең жағдай жасау. Демек, мемлекет қатысатын компаниялар мен бизнестің тағдырын шешетін шешімдерді қабылдау саласында тығыз байланысы бар фирмалар қорғалатын қазіргі құрылымды түрлендіру қажет. Бұрыннан келе жатқан және өндірімділігі төмен компаниялардың бизнесті әлі де жүргізу мүмкіндігін сақтап қалуы «жасампаз өзгерістердің» жоқ екенінің дәлелі. Бұл үдерістің мәні өндіріс факторларының жоғары өндірімділігін қамтамасыз етуге қабілетті жаңа компаниялардың өнімі аз компанияларды нарықтан ығыстырып шығаруында.
  • Заңның үстемдігін арттыру және жемқорлыққы қарсы әрекетерді жүзеге асыру. Тиімді және өндірімділігі жоғары экономикалық жүйені құру жолында құқықтық жүйе ең маңызды кедергі ретінде қарастырылады. Дүниежүзілік Банкінің «Кәсіпорындарды зерттеу» шеңберінде жинақталған деректері жемқорлықтың Қазақстандағы жеке бизнес жолындағы басты кедергісі екенін көрсетеді, бұл ретте ол барлық секторға тән. Айқындылықты қамтамасыз ету мақсатында Үкімет мемлекеттік сатып алу жүйелерін реформалауды, сауданың ауыртпалық келтіретін және шығыны мол рәсімдерін, кедендік және әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуді арттыруы тиіс.
  • Экономика құрылымдарын қайта құру. Қайта құрылу жеке инвестицияларды ынталандыруда және экономикадағы мемлекеттің үйлесімсіз үлкен рөлін азайтуда маңызы аса зор. Мемлекеттің үлесі бар компаниялардың көп болуы тиімсіз бағаның құрылуына және отандық жеке меншік сектордың дамуын төмендетін басқа да нарықтық қателерге алып келеді. Мемлекеттің рөлін қысқарту өз кезегінде жеке меншік секторындағы нарықтық механизмдердің түрін өзгертуді жоюды және мемлекеттің меншігіндегі компаниялардың жеңілдіктерін алып тастауды талап етеді.

«Елдік экономикалық меморандум» — бұл Дүниежүзілік Банкінің сараптамалық баяндамасы, онда елдің экономикалық даму нәтижелері, келешегі мен саяси күн тәртібі жан-жақты талданып, экономиканың негізгі секторларына арналған саяси реформалар көрсетілген.
 
Байланыс көздері:
Вашингтон:

Алматы: Асель Паю, apaju@worldbank.org+1 202 766 72 05
 
Дүниежүзілік Банкінің Еуропа және Орта Азия елдеріндегі қызметі туралы қосымша ақпарат:
http://www.worldbank.org/en/region/eca
Facebook-тегі парақшамыз: https://www.facebook.com/WorldBankEuropeCentralAsia/
Twitter-дегі парақшамыз: https://twitter.com/WorldBankECA
Талқылауға қосылыңыз: http://blogs.worldbank.org/europeandcentralasia



 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.