Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» немесе қазақстандық арманға бастайтын жол.
Ұлт Жоспарының кіріспесінде: «100 нақты қадам» – бұл Жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары» екені атап көрсетілген. «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсім», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» деп аталатын бөлімдерден тұратын ресми құжаттың өн бойында мемлекет дамуының алдағы уақыттағы 100 нақты қадамы айқындалған.
100 нақты қадам – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге, сонымен бір мезгілде жаңа тарихи жағдайларда ең дамыған отыз мемлекеттерінің қатарына ену жөніндегі жауап. 100 нақты қадам Қазақстанға қиын сынақ кезеңін сенімді өтуге, «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асыру жолынан таймауға және Қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға жол береді. Жоспар қоғамда және мемлекетте түбірлі өзгерістер енгізеді, оның негізгі мақсаты – жүйелік ауруларды емдеу.
Жоспар бес институционалдық реформаларға негізделген:
- кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру;
- заңдылықты қамтамасыз ету;
- индустрияландыру және экономикалық өсу;
- сәйкестік және бірлік;
- есепті күйін қалыптастыру.
Бұл ерекше құжатта мемлекеттiң, қоғамның алдында орындалуы аса қажет болып тұрған бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жолдары көрсетілген.
Қорыта келгенде, «100 нақты қадам» атты жоспар елімізді тағы бір белеске көтеруге қызмет етеді.
Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы, Астана қаласы
[xfvalue_img]