СІМ басшысы және ДДСҰ Бас директоры Астана конференциясының қорытындыларын талқылады
Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Гебрейесус Астанада өткен Медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөнінде жаһандық конференцияның қорытындыларын талқылады. Халықаралық қоғамдастық осындай беделді әлемдік форумды ұйымдастыруға, денсаулық сақтау жүйесіне қолдау көрсетуге жеке назар аударғаны үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын білдіріп, бұндай іс-шараны ҚР Үкіметі мен Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан жақсы ұйымдастырылуын атап өтуде.
Кездесу барысында тараптар 25 қазанда бірауыздан форум қатысушыларымен қабылданған Астана декларациясының маңыздылығын атап өтті. Құжатта сапалы және уақытылы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін заманауи жетістіктер мен технологиялардың қолдануын ескере отырып, 1978 жылғы Алма-Ата декларациясының міндеттемелерін орындауда айнымастығын көрсетеді. 40 жыл бұрын Алматыда мақұлданған бұл құжат, денсаулық сақтау жүйесінің алғашқы медициналық-санитарлық көмекке назар аудара отырып, әлемдегі денсаулық сақтау жүйесін түпкілікті дамытуға негіз қалаған.
Т. Гебрейесус Қазақстанның жаһандық деңгейде алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Кездесу барысында тараптар 2019 жылдың мамырында Женевада өтетін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының ДДСҰ-ның Астана декларациясы негізінде қабылданатын шешімнің перспективасын қабылдау мүмкіндігін талқылады. Сонымен қатар, 2019 жылдың қыркүйегінде Нью-Йоркте Дүниежүзілік денсаулық сақтауды қамту жөніндегі БҰҰ Бас Ассамблеясының Жоғары деңгейдегі кездесу резолюциясының ұсынылуы жоспарлануда.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің
[xfvalue_img]
7 пікір