Женевада бастапқы медициналық-санитарлық көмек туралы Астана декларациясының жобасы талқыланды

Женевада бастапқы медициналық-санитарлық көмек туралы Астана декларациясының жобасы талқыланды

Қазақстанның Тұрақты өкілдігінің қолдауымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  штаб-пәтерінде Қазақстанның Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой бастаған қазақстандық делегация 2018 жылдың 25-26 қазанында Астана қаласында өтетін Бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) жөніндегі жаһандық конференцияның қарсаңында бастапқы медициналық-санитарлық көмек туралы Астана декларациясын талқылауға бағытталған ДДҰ мүше- мемлекеттердің Тұрақты өкілдіктері басшыларына арналған брифингке қатысты.

Іс-шараның ашылу салтанатындағы сөзінде Денсаулық сақтау вице-министрі 1978 жылы алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі Алматы декларациясы деп «Баршаға арналған Денсаулық» мақсатына жету үшін медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын жақсартуға БМСК ықпал еткен әлемдегі жалғыз ортақ декларация болып табылатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, ДДҰ-ға мүше мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан Бастапқы медициналық-санитарлық көмек бойынша Жаһандық конференцияны Қазақстанда қабылдау біз үшін үлкен мәртебе екенін жеткізді.

Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Жанар Айтжанова алдағы конференцияның басты рөлі Бастапқы медициналық-санитарлық көмек туралы жаңа көзқарас қалыптастыратын жаңа Декларацияны қабылдау екенін атап өтті. Тұрақты өкіл мемлекет басшыларының саяси қолдауының бірлесе күш-жігерін жандандыруға және бастапқы медициналық-санитарлық көмекпен әмбебап қамтуды қамтамасыз ету тәсілі ретінде назар аударуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Брифинг қатысушылары алдағы Жаһандық конференция бұл қарапайым конференция емес, ДДҰ, ЮНИСЕФ және денсаулық сақтау қызметтерін әмбебап қамтуға қол жеткізудегі мүше-елдердің күн тәртібіндегі басты басымдық болып табылатын қозғалыс деп атады.

А. Цой Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Аданоммен  кездеті.

Сұхбат барысында тараптар Жаһанды конференцияның қорытынды құжатын қабылдауға Қазақстанның бастамасын растау жөніндегі мәселелермен қатар, шараның ұйымдастырушылық және хаттамалық сұрақтарын талқылады.

Конференция  Қазақстан үшін тарихи маңызы бар. 1978 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық конференциясы ЮНИСЕФ-пен 157 мемлекет өкілдерінің қатысуымен бастапқы медициналық-санитарлық көмек мәселелері бойынша Конференция өткізілді. Дүниежүзілік денсаулық сақтауды дамытуға айтарлықтай әсер еткен бастапқы медициналық-санитарлық көмек туралы тарихи Алматы декларациясын қабылдады.

 

ҚР Сыртқы істер министрлігінің

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.