Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановтың АҚШ-қа сапары басталды

Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановтың АҚШ-қа сапары басталды

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоның шақыруымен Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Діни сенім бостандығын насихаттау жөніндегі бірінші министрлік конференцияға қатысу мақсатында Вашингтон қаласына келді.

Конференция қарсаңында, яғни 25 шілдеде Қ.Әбдірахманов АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшылығымен, соның ішінде Мемлекеттік хатшының бірінші орынбасары Джон Салливан және 1990-шы жылдардың екінші жартысында АҚШ сенаторы ретінде Жібек жолы стратегиясы форматында ынтымақтастықты дамытуға қатысты бастама көтерген, Діни бостандық жөніндегі елшісі Сэм Браунбэктың қатысуымен бірқатар кездесулер өткізді.

Дипломаттар Қазақстан-АҚШ қатынастары жоғары қарқынмен дамып отырғанын, сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы қаңтардағы Вашингтонға жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын атап өтті. Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударды.

Сол күні Министр Қ.Әбдірахманов американдық жетекші компаниялар мен корпорациялардың басшылығымен кездесіп, оларды Қазақстанда бүгінгі күні бизнес жүргізу үшін жасалып жатқан жаңа қолайлы жағдайлармен таныстырды. Келісімдердің жоғары деңгейде, Қазақстан және АҚШ Президенттері арасында табысты жүзеге асырылуы арқасында, іскерлік белсенділіктің, сонымен қатар Қазақстан экономикасына американдық инвестициялардың келуінің артқаны атап өтілді.

Министр Мемлекет басшысының жүргізіп отырған қазақстандық экономиканы әртараптандыру саясатын ескере отырып, ірі жоғары технологиялық жобаларды іске асыру үшін, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі, көлік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы, байланыс және
IT-технологияларды дамыту салаларында америкалық тәжірибе мен капиталды ауқымды түрде тартуға Қазақстан қызығушылық танытып отырғанына назар аударды. Осы және басқа да көптеген жобалар қазақстандық ресми тұлғалардың АҚШ-қа және америкалық сауда миссияларының Қазақстанға жасайтын алдағы сапарлары барысында әзірленіп іске асырылатын болады.

 

ҚР Сыртқы істер министрлігінің

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.