Жаңғырту, инвестициялар мен сауда – қазақ-британ сұхбатының назарында

Жаңғырту, инвестициялар мен сауда – қазақ-британ сұхбатының назарында

ЛОНДОН, 2017 жылғы 21 қараша – «Жоғарғы деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар аясында экономиканы жаңғырту, инвестициялар көлемі мен екі ел арасындағы сауда айналымын өсіру мақсатында Қазақстан Ұлыбританиямен стратегиялық әріптестігін одан сайын нығайтады», - деп мәлімдеді 20 қарашада Лондонға жұмыс сапарын бастаған Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Форин-офистегі кездесу барысында Қазақстан СІМ басшысы мен оның әріптесі Борис Джонсон Қазақ-Британ Стратегиялық диалогінің кезекті отырысын өткізді. Қ. Әбдірахмановтың айтуынша, қазақ-британ дипломатиялық ынтымақтастығының орнатылуынан бері 25 жыл бойы Ұлыбритания қазақстандық экономика мен адами әлеуеттің дамуында маңызды рөл атқарып отыр. Ел қазақстандық экономикадағы ең ірі инвесторлардың алтылығына кіреді (12 млрд. долл. астам инвестициялар салынған) және Қазақстанның ең ірі сауда әріптестерінің бірі (2016 жылы екіжақты сауда айналымының көлемі 1,2 млрд. долл. құрады, 2017 жылдың 9 айы бойынша 1 млрд. долларға жуықтады) болып табылады. Бүгінгі күні британдық тәжірибе «Астана» Халықаралық қаржы орталығын құруда белсенді түрде қолданылуда. Мыңдаған қазақстандық студенттер, соның ішінде «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары жыл сайын британдық жоғары оқу орындарында білім алуда.

Бүгінгіде Қазақстанның экономикалық дипломатиясы бірінші кезекте Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үшінші жаңғырту – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Жолдауын іске асыруға, соның ішінде экономиканы технологиялық тұрғыда қайта қаруландыруға бағытталған. Оны жақын арада өтетін екіжақты үкіметаралық комиссия мен іскер тобының отырыстары, СІМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, АХҚО, «Қазақстан инвест» Ұлттық компаниясы желілері бойынша іс-шаралар көздеп отыр.

Тараптардың пікірінше, трансеуразиялық көліктің дәліздерді дамыту мен заманауи кезеңде Ұлы Жібек жолын қайта құру ынтымақтастықтың перспективалық бағытына айналуы қажет. Бұған жақсы үлгі ретінде осы жылдың қаңтарында Қытай мен Ұлыбритания арасындағы тікелей, соның ішінде Қазақстан аумағын кешіп өтетін, контейнерлік пойыздың іске қосылуын жатқызуға болады.

Б. Джонсон Қазақстанның Ұлыбритания үшін үлкен маңыздылығын атап өтіп, Лондонның Астанамен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға ниетін білдірді.

Сонымен қатар, Қ. Әбдірахманов пен Б. Джонсон жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады, оның ішінде Қазақстанның 2018 жылғы қаңтардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы, Сириядағы ахуалды реттеу жөніндегі Астана процесі, Ауғанстандағы жағдай, Украина жөніндегі Минск келісімдерін жүзеге асыру, терроризмге қарсы әрекет, жаппай қырып-жою қаруын таратпау, Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастық және т.б.

«Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық ететін Орталық Азияның тұңғыш елі болады. Жаһандық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға үміттіміз», - деді британдық министр.

Екіжақты жоғарғы деңгейдегі байланыстарға ерекше назар аударылды. 2016 жылғы Ханчжоудағы (ҚХР) «Ұлкен жиырмалық» (G20) саммиті аясында Президент Н. Назарбаевтың Ұлыбритания Премьер-Министрі Тереза Мэймен кездесуі екі ел көшбасшыларының стратегиялық әріптестікке қолдау көрсетуінің айқын дәлелі болып табылады. Мемлекет басшысының 2015 жылғы қарашада Лондонға ресми сапары екі ел арасындағы экономикалық және саяси ынтымақтастықты дамытуға елеулі серпін берді. Оның барасында 12 млрд. доллардан аса сомаға ірі келісімдерге қол қойылды.

Қ.Әбдірахманов Қазақстанда жоғары технологиялық жобаны пысықтаған британдық «Metalysis», және АХҚО-мен белсенді ынтымақтасып жатқан «TheCityUK» компанияларының басшылығымен, сондай-ақ 2016 жылғы Қазақстанға сапарын жылы еске алған «Financial Times» газетінің бас редакторы Лайонел Барбермен де сол күні кездесулер өткізді.

Сонымен қатар, сыртқы саясат ведомствосының басшысы Халықаралық қатынастар бойынша еуразиялық кеңестің (ХҚЕК) Қамқоршылық кеңесінің жыл сайынғы отырысына қатысты. 2014 жылы құрылған Кеңес Орталық Азия мемлекеттерінің даму мәселелерін және олардың еуропалық елдермен қатынастарын зерттеуге мамандандырылған тәуелсіз талдамалық орталық болып табылады. ХҚЕК қажет етілетін «ақыл орталығы» беделіне ие, оның сараптамалық бағаларына Батыс елдерінің Орталық Азия аумағы бойынша мемлекеттік саясат пен экономикалық жобаларға әсер ететін құрылымдарда құлақ асады. Атақты саясаткерлер мен дипломаттар, еуропалық елдердің бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, Еуропа мен Орталық Азия байланыстарын нығайтуға қолдау білдіретін ғалымдар мен сарапшылар ХҚЕК Қамқоршылық кеңесінің мүшелері болып табылады.

Қ. Әбдірахмановтың беделді аудитория алдында сөйлеген сөзінде атап өтілгендей, «Қазақстан инвестициялық климатты одан әрі жетілдіруде айтарлықтай жұмыс атқаруда, және біз еуропалық, оның ішінде британдық компаниялармен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз». Осы жылы Дүниежүзілік банкінің «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның 36 орынға иеленгені, бұл ретте еліміздің экономикасындағы тауар айналымы мен инвестициялардың орта шамамен 50 пайызына дейін қамтамасыз ететін Еуропалық Одақ Қазақстанның ірі сауда-экономикалық әріптесі мен инвесторы болып табылатыны басып айтылды. Отырыс барысында Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің Еуропамен қатынастарын одан әрі дамытуға тұжырымдамалық тәсілдері, көлік, логистика, энергетика, қаржылық технологиялар салаларындағы ынтымақтастық бағыттары қарастырылды. Еуразияның ортасындағы Қазақстанның ерекше геоэкономикалық орналасуы, оның өз транзиттік әлеуетін дамыту бойынша жүйелі күш-жігерлері мен Белдеу мен Жол бағдарламасын табысты іске асыру үшін елдің маңызды рөлі атап өтілді.

ҚР Сыртқы істер министрінің Лондонға екі күндік сапарының бағдарламасы 21 қарашада жалғасады.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

Баспасөз парақшасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.