Астана қаласының емханаларында бір миллионнан астам адамға қызмет көрсетілетін болады

Астана қаласының емханаларында бір миллионнан астам адамға қызмет көрсетілетін болады

Қазақстанда тұрғындарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу науқаны 15 қарашаға дейін  жалғасатын болады. Аталған науқан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу аясында жүргізіледі. Әрбір қазақстандық азамат өзінің қалауы бойынша кез келген емханаға тіркеліп, қызмет түрлерін ала алады.

Елордада кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету аясында тұрғындарға қызмет көрсетуді көздеген 34 ұйым өтініш білдіріп үлгерді - дейді Астана қаласы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу нәтижесінде қызмет көрсетушілердің тізімінде мемлекеттік емханалардан бөлек жекеменшік медициналық орталықтар да пайда болды.

Н.Қабдықапаров өз сөзінде науқан қазақстандықтарға сапалы және ыңғайлы медициналық қызмет алу мүмкіндігін ұсынатындығын, сондай-ақ аталмыш қағида тұрғындардың емхана таңдау барысында саналы түрде шешім қабылдауына жағдай туғызатындығын, атап айтқанда үйіне, жұмыс орнына жақын немесе өзіне қолайлы деп тапқан мекемеге тіркелуге болатындығын атап өтті.

Астана емханаларында тіркеу науқанының аралық нәтижелері бойынша 1 031 105 адамға қызмет көрсетілетін болады. Алайда бұл көрсеткіш тіркеу науқанының аяқталуына дейін әлі бірнеше мәрте өзгеретін болады.

Емханаға тіркелу үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызмет көрсетушілер тізімінен емхананы таңдау қажет. Таңдау жасалған ұйымның тіркеу бөліміне жеке куәлігіңізбен келіп, бас дәрігердің атына өтініш жазу қажет. Өтініш мақұлданған жағдайда, тіркеу талонын ала аласыз.

Емхананы таңдау барысында өтініш қабылданбайтын жағдайларды түсіністікпен қабылдаған жөн. Біріншіден, емханаға тіркелген азаматтардың саны ең жоғарғы ықтимал көлемнен асып кеткен жағдайда өтініш кері қайтарылады, мысалы, бір алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету дәрігерінің қарауына 2 мың адам тіркелген жайттар кездеседі. Бұл ретте тіркеуге өтініш жазған азамат қызмет көрсету аймағынан тыс жерде тұрып жатқан болса, оның өтініші қабылданбайды. Ал осы медициналық ұйымға қарайтын әкімшілік учаскесінің тұрғылықты тұрғынының өтініші ескеріледі.

Емхананың қызмет көрсететін учаскесінен тыс аумақта тұратын адам үйге дәрігер шақырту қызметінен бас тартуға келіспеген жағдайда, ол азамат дәл осы емханаға тіркеуге тұра алмайды. Өйткені, медицина мамандары дер кезінде науқастың үйіне көмек көрсету үшін 20 минуттың ішінде жаяу жетіп үлгермейді.

Қазақстанда тұрақты тұрып жатқан шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар емханаларға кедергісіз тіркеле алатындығын атап өткен дұрыс.

Тұрғылықты жері, жұмыс орны, оқу орны ауысып жатқан жағдайда, жаза өтеу, әскери қызмет өту орны өзгерсе, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымы қайта құрылып немесе жабылып жатса, бұрынырақта тіркелген алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымы қызметінің сапасы көңілден шықпаса, емхананы ауыстыру мүмкіндігі қарастырылған.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.