Женева қаласында Қазақстандағы мүгедектердің құқықтарын қорғау және ынталандыру мәселелері талқыланды

Женева қаласында Қазақстандағы мүгедектердің құқықтарын қорғау және ынталандыру мәселелері талқыланды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың басшылығымен Қазақстанның делегациясы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің (БҰҰ АҚЖК) 37-сессиясына қатысты.

С. Жақыпова мүгедектер құқықтары мәселесі бойынша БҰҰ Арнайы баяндамасшысы Каталина Девандас-Агилярдың интерактивті диалогы шеңберінде сөз сөйледі. Диалог барысында сарапшының 2017 жылғы қыркүйектегі Қазақстанға сапары нәтижесі бойынша дайындаған баяндамасы ұсынылды. Бұл құжат еңбек және әлеуметтік қамту, инклюзивті білімді енгізу, сайлау құқықтарын жүзеге асыру, құқықтық көмектің қол жетімділігі, сонымен қатар, еліміздегі мүмкіндігі шектеулі адамдардың мүмкіндіктері мен құқықтарын әрі қарай ұлғайту бойынша сарапшы ұсыныстары сияқты Қазақстандағы басты әлеуметтік салалардағы мүгедектігі бар тұлғалардың жағдайын кешендік және жан-жақты талдауды қамтиды.

Арнайы баяндамашы Қазақстан Үкіметіне шақырғандығы және оның мандатымен тығыз ынтымақтастық үшін алғыс білдірді. 2015 жылы ратификацияланған Мүгедектер құқықтары жөніндегі БҰҰ Конвенциясы шеңбергіндегі міндеттерді орындаудағы мемлекеттің өсіп келе жатқан бейілдігі ескерілді. Өз кезегінде, Министрдің орынбасары сарапшы баяндамасына жасалған Қазақстан Үкіметінің түсініктемелерін ұсынып, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттің әрі қарай қадамдары туралы сипаттады.

Сол күні Женевадағы Қазақстанның тұрақты өкілдігі Каталина Девандас-Агилярмен бірлесіп, Адам құқықтары жөніндегі кеңесrе мүше мемлекеттер мен байқаушы делегациялар, сонымен қатар халықаралық үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар үшін Конвенцияны имплементациялау бойынша Қазақстанның тәжірибесіне арналған іс-шара өткізді.

Іс-шараның спикерлері ретінде Мүгедектер құқықтары жөніндегі БҰҰ Комитетінің төрағасы Терезия Дегенер, Халықаралық мүгедектер альянсының адам құқықтары бойынша аға кеңесшісі Силвия Кван және «Шырақ мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы» қоғамдық бірлестік басшысы, ҚР Үкіметі жанындағы мүгедектік істері бойынша үйлестіру кеңесінің мүшесі Ляззат Калтаева сөз сөйледі.

Іс-шараның басты мақсаты Қазақстан Үкіметі жанындағы мүгедектер істері бойынша сәтті жұмыс істеп жатқан үйлестіру кеңесінің тәжірибесә негізінде БҰҰ Конвенциясының шеңберінде міндеттерді орындау бойынша Қазақстанның жағымды тәжірибесі мен Конвенцияның 33-1 бабында қарастырылған үйлестіру механизмін құру мен оның қызметіне қатысты практикалық нұсқама жөнінде хабарлау болды.

Өз кезегінде, Женева қаласындағы БҰҰ және басқа халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі, Елші Жанар Айтжанова қатысушыларға  Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа бес әлеуметтік бастамалары туралы хабарлап, оларды жүзеге асыру барысында мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарына ерекше назар аударылатындығы жөнінде атап өтті.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз хабарлама

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.