ҚР Омбудсмені Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөнінде үндеу салды

ҚР Омбудсмені Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөнінде үндеу салды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына бұдан бұрын ҚР Премьер-Министріне жолданған мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері жөніндегі үндеу хатына жинақталған жауап келіп түсті. Аталмыш үндеу хатта жоғарыда аталған проблемалардың кең ауқымды спектрі қозғалды, сондай-ақ оларды шешу бойынша нақты ұсыныстар баяндалды.

Ұлттық құқық қорғау мекемесінің пікірі бойынша, ұсынылған жауап Омбудсменнің мүгедектігі бар адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйымдардымен бірлесіп әзірленген нақты ұсыныстары бойынша Үкіметтің ұстанымы туралы толыққанды ақпаратты қамтымайды.

Мәселен, аталмыш құжатта жеке авиакомпанияларға қатысты ішкі ережелері туралы, осыған сәйкес 1-ші топтағы мүгедектігі бар адамдар ұшу кезінде ілесіп жүретін адамсыз билеттер сатылмайтындығы, сондай-ақ мүгедектігі бар адамға ұшу кезінде туындайтын оның денсаулығына зиян келтірілгені үшін және қайтыс болған жағдайда жауапкершілікті өз мойнына алу туралы декларацияға қол қою қажеттілігі туралы мәселелер нақтыланбаған.

Мүгедектігі бар адамдар бұл проблемаларға әлі күнге дейін де тап болып отыр, мысалы, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне барғаннан кейін Астана қ. әуежайынан кетер кезде бірқатар жағдайларда кезігуіне жалғасын тапты.

Ұсынылған жауапта «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» ҚР Заңының 5-бабына орынсыз сілтеме ғана берілді, ол бапта ҚР заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, көлiк кәсiпорындарының шаруашылық қызметiне мемлекеттiк органдардың араласпауы туралы баяндалған.

Сонымен қатар, аталмыш Заңның 6-бабы көлікті мемлекеттік басқару бойынша функцияны нақты уәкілетті мемлекеттік органға жүктейді. Одан басқа, Заңның 25-бабы аталмыш органның көліктік бақылауының тізіліміне  мүгедектерге жолаушылар тасымалының қол жетімділігін, тасымалдаушылардың қызметтерін, қызмет көрсету туралы ақпаратты, оларға тасымалдау бойынша қажетті қызмет ету жайлылығы және шарттары жасалуын қамтамасыз етуді қамтиды.

Жауапта инфрақұрылым объектілерінің архитектуралық-құрылыс бақылауы туралы ұсыныс бойынша Үкіметтің негізделген ұстанымы жоқ. Үндеуде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бейімделген болып саналатын, бірақ шын мәнінде қажетті параметрлерге сәйкес келмейтін объектілер құрылысына бірқатар нақты мысалдары келтірілген. Осыған байланысты құрылыс объектілерінің архитектуралық-құрылыс бақылауына, халықты әлеуметтік қорғауына уәкілетті органды тарту туралы заңнамадағы екіұшты норманы аталған органның міндетті түрде қатысуымен бекіту, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерді осы үдеріске қатысуға құқық беру ұсынылды.

Еліміздегі нақты аймақтарында тактильді жолдардың, зағип және нашар көретін жандар үшін дыбыстық бағдаршамдардың жоқтығы туралы ұлттық құқық қорғау мекемесінің келтірген шағымдары назардан тыс қалды. Бұл мәселелер ұзақ уақыт бойы көтеріліп келеді.

Омбудсмен сондай-ақ мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, соқыр және саңыраулар қоғамдық бірлестіктерінің мамандандырылған кәсіпорындарына қолдау көрсету, олардың жұмыс істеу шарттары, ерекше қажеттілігі бар адамдармен жұмыс істеу ерекшеліктерін ескере отырып,  жұмыс берушілерді осы бағыттағы шетелдік жұмыс тәжірибесі мысалдарына сәйкес оқыту және оқытуды ұйымдастыру туралы мәселелерге Үкіметтің әсері баяндалмағанына назар аударды.

Мүгедектігі бар адамдар үшін банктік қарыздарды, оның ішінде тұтынушылық несиелерді ресімдеуге қатысты мәселелер қарастырылған жоқ. Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың жағдайына жүйелі негізде тұрақты талдауды, әр түрлі мәселелер бойынша, оның ішінде медициналық, әлеуметтік, еңбек қызметтері мен заңгерлік көмек көрсетуге қатысты мәселелер бойынша оларға кеңес беру үшін тегін телефон желісінің енгізуі бойынша берілген ұсыныстар назардан тыс қалды.

Пенитенциарлық мекемелерде мүгедектерді ұстау талаптарына сәйкес жағдай толық ашылған жоқ. Атап айтқанда медициналық мекемелерге мүгедектікті белгілеу бойынша көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты тиісті құжаттарды ресімдеу мәселелеріне байланысты проблемалар талданған жоқ.

Омбудсменнің үндеуде қозғаған проблемалар сондай-ақ осы жылғы 4 қыркүйектегі Қазақстанға ресми сапары аясында БҰҰ Мүгедектердің құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы Каталина Девандас Агилармен кездесуі барысында көтерген мәселелерге сәйкес келеді.

Сондай-ақ, осы мәселелерді ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесінің жалпы республикалық селекторлық отырысы барысында Омбудсмен өкілі атап өтті.

Аталмыш проблемаларды өзектендіру Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны имплементтеу мақсатында Қазақстанның қабылдаған шаралары туралы Алғашқы баяндамасын еліміздің БҰҰ Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитетінде алдағы уақытта қорғауымен байланысты.

Омбудсменнің Премьер- Министрге жолдаған үндеу хатта баяндалған мәселелердің негізділігі ағымдағы жылғы 7 қыркүйектегі Шымкент қаласында өткен «Шалғайдағы елді мекендерде мүгедектерге арналған мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділік мәселелері» қоғамдық тыңдауы барысында ұсынылған құқық қорғау ұйымдар жүргізген зерттеулері нәтижелерімен расталады. Бұл ретте Омбудсмен орталық мемлекеттік органдардың, соның ішінде «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ өкілдерінің осындай маңызды іс-шараға тиісті назарының жетіспеуіне қатысты өкінішін білдірді, осыған байланысты тыңдауға қатысушылар олармен тікелей диалог құру мүмкіндігінен айрылған еді.

Мемлекеттік басшысының Үкімет алдында қойған бағдарламалық тапсырмалардың мәнмәтінінде қарастырылып отырған мәселенің маңыздылығын ескере отырып, Омбудсмен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне мұқият және пәнді талдау жасау мақсатында бұдан бұрын қозғалған мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелерді қосымша қарауға бастамашылық жасау өтінішімен үндеу салды.

 

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің  Баспасөз қызметі аппараты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.