Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратовпен кездесті.
Келіссөздер барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, өнеркәсіптік кооперацияны, логистиканы кеңейту, сондай-ақ сауда рәсімдерін жеңілдету және екі елдің нарығына өнімді жеткізу көлемін ұлғайту үшін жағдай жасау мәселелері талқыланды. Инвестицияларды тарту тетіктеріне, оның ішінде инвестициялық ахуалды жақсарту және кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы жағдайлар жасау мәселелері бойынша пікір алмасуға ерекше назар аударылады.
Тараптар Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің 2024 жылғы тамыздағы Астанаға мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы туралы пікір алмасты. Осы тұрғыда өнеркәсіп және сауда саласындағы бірлескен жобаларды әзірлеу, сондай-ақ инвестициялық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимылды күшейту шаралары талқыланды. 2025 жылға жоспарланған екіжақты және көпжақты жоғары деңгейдегі алдағы іс-шараларға ерекше назар аударылады.
Қазақстандық делегация «Технопарк» ЖШҚ, «Ташкент Пласт Полимер» және «BMB Holding» өндірістік кәсіпорындарды аралады. Аталған кәсіпорындар ішкі және сыртқы нарыққа жеткізу үшін жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өнім шығаруға бағытталған.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар белгіленген бағыттар бойынша ынтымақтастықты жалғастыру ниетін растады.
[xfvalue_img]