Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық серіктестік ҚР СІМ-де талқыланды

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық серіктестік ҚР СІМ-де талқыланды

Астана, 2025 жылғы 16 қаңтар – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кэти Личпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екі елдің 2024 жылғы өзара іс-қимыл қорытындыларын талқылап, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармердің Бакуде өткен СОР29 алаңындағы кездесуі ерекше аталып өтті. Сұхбаттастар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қою нәтижелері бойынша ынтымақтастықты кеңейту жоспарларын, сондай-ақ алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды.

Тараптар саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда, ғылым және білім бағытында, оның ішінде Ұлыбританияның академиялық институттары мен университеттерін Қазақстанға тарту бойынша қарқынды өзара іс-қимылды құптады. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін жаңа қолайлы жағдайлар жасау мен екіжақты белсенді байланыстарды қолдау бойынша ортақ мүдделілік білдірілді.

Тараптар серіктестікті одан әрі нығайту бойынша келесі қадамдар аясында қазақ-британ Стратегиялық диалогы мен Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы сияқты екіжақты тетіктердің жұмысын жалғастыруға ерекше назар аударды. Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сирек жер металдары саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Кездесу барысында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі, соның ішінде климаттың өзгеруіне қарсы күрес пен қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша пікір алмасты. Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтауға бағытталған «Алтын Дала» экологиялық бастамасының табысты тәжірибесі мен оның «The Earthshot Prize» марапатын иеленгені аталып өтті.

Анықтама: Ұлыбритания – Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі. 2024 жылғы қаңтар-қараша аралығындағы екіжақты тауар айналымы 800 млн АҚШ долларынан асты (экспорт – 389 млн, импорт – 411,9 млн). 2023 жылы тауар айналымы 1,18 млрд АҚШ долларын құрады (экспорт – 702,9 млн, импорт – 478,7 млн). 2005 жылдан бастап Ұлыбританиядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 17 млрд АҚШ долларынан асты. Қазақстанда британдық капиталдың қатысуымен 550 кәсіпорын жұмыс істейді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

12 пікір

  1. аватар
    Princess 7 августа 2026 14:31

    Instant Casino
    Auszahlung Maximalbetrag
    Casino ist ein beste deutsche
    casino online, das kürzlich von unserem Team überprüft wurde.
    Wir arbeiten seit Jahren mit verschiedenen Betreibern zusammen und gewinnen außergewöhnliche Erkenntnisse, die wir mit unseren Kunden teilen, um ihnen zu helfen, fundierte Entscheidungen zu
    treffen und ihre Lieblingscasinos zu genießen. Tracking verhindern, Daten schützen, anonym surfen,
    VPN nutzen Hier finden Sie eine Anleitung, wie Sie auch Ihren Facebook Account löschen. Lilibet casino 200 freispiele ohne einzahlung sofort
    – der überbewertete Schnapper, den keiner braucht
    mond casino willkommensbonus ohne einzahlung 2026 – das trostlose Geschenk für Hoffnungspflanzer Solche Berichte lassen sich etwa auf der Webseite Casinoempfehlungen.com finden. Nehmen Sie
    Kontakt mit dem Kundensupport auf, um den Account
    zu löschen und gegebenenfalls weitere Unterstützung zu erhalten.

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.