Қазақстан-Португалия қатынастарының назарындағы парламентаралық ынтымақтастық

Қазақстан-Португалия қатынастарының назарындағы парламентаралық ынтымақтастық

 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Лиссабонға сапарының екінші күні Португалия Республикасы Ассамблеясының Президенті Аугушту Сантуш Силвамен кездесу өткізді, сондай-ақ «Португалия-Қазақстан» парламентаралық достық тобының мүшелерімен дөңгелек үстел өтті.

Заң шығару жиналысының басшысымен парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары егжей-тегжейлі талқыланды. М. Тілеуберді сұхбаттасушыны ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен және «Әділетті Қазақстанды» құруға бағытталған ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен, сондай-ақ алдағы ҚР парламенттік сайлауымен таныстырды.

Өз кезегінде Португалия Парламентінің Спикері елді жаңғырту жөніндегі жоспарларды құптап, қазақстандық әріптестерімен өзара іс-қимылға үлкен қызығушылық білдірді. «Біздің елдеріміздің арасында үлкен әлеует бар, біз саяси диалогты белсенді түрде кеңейтіп, сауда-экономикалық байланыстарды дамытуымыз керек. Екі елдің парламентшілері көптеген бағыттар бойынша біздің ынтымақтастығымызды тереңдетуге ықпал ете алар еді», - деп атап өтті португалдық саясаткер.

Парламентаралық достық тобының мүшелерімен достық әңгіме барысында тараптар қазақстандық парламентшілермен өзара іс-қимыл мәселелерін қозғады. Бұл топ 2022 жылдың қараша айында құрылды және Қазақстан-Португалия қатынастарын нығайту перспективалары мен жолдарын белсенді зерттеуде.

Түрлі парламенттік фракциялардың өкілдері болып табылатын Ассамблея депутаттары Қазақстанда төменгі палата мен жергілікті өкілді органдарды қалыптастырудың қазіргі моделі сайлаушылардың мүдделерін жан-жақты қорғауға мүмкіндік беретінін және саяси көзқарастардың кең палитрасын қамтамасыз ететінін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша делегациялармен алмасу арқылы парламентаралық өзара іс-қимылды жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сол күні Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы Португалияның ең ірі ақпараттық агенттігі Diario de Noticias-қа Қазақстан мен Португалия арасындағы екіжақты ынтымақтастық, ҚР-дағы алдағы парламенттік сайлау және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша еліміздің ұстанымы туралы сұхбат берді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.