Қазақстан мен Корея Республикасы стратегиялық серіктестікті дамытуды жалғастырады
«Орталық Азия - Корея Республикасы» Сыртқы істер министрлерінің ынтымақтастық форумының 13-ші отырысына қатысу шеңберінде Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Мұхтар Тілеуберді Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Кан Ген Хвамен келіссөздер жүргізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. COVID-19 пандемиясына қарамастан, тұрақты саяси диалог жоғары деңгейде, сондай-ақ коронавирустың таралу салдарын тезірек еңсеру контекстіндегі өзара іс-қимылдың жоғары қарқыны сақталып отырғаны атап өтілді.
Тараптар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылы Корея Республикасына жоспарланған мемлекеттік сапарының мазмұндық аспектілерін талқылады.
Министр Сеулге жұмыс сапары аясында Корея Республикасының Премьер-Министрі Чон Се Гюн және Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикері Пак Бен Сокпен кездесті.
Министр екіжақты саяси диалогты, парламентаралық байланыстарды дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Корея Республикасымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім білдірді.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
15 пікір