М. Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейінде жылуды қалпына келтіру жұмыстары басталды
Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Петропавл қ. М.Жұмабаев атындағы ІТ мектеп-лицейінде жылу тапшылығына қатысты БАҚ-тағы сыни жарияланымдарға ден қойды.
СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов оқу орнына барып, температураның төмендігіне қарамастан балалар оқуға мәжбүр болған мәселемен танысты.
Жылу жүйесін тексеру кезінде жылу торабы штаттық режимде жұмыс істейтіні анықталғанымен, бұрышта орналасқан сыныптарда температураның 15 градусқа дейін төмендеуіне әсер ететін бірқатар кемшіліктер де жоқ емес.
Петропавл қаласы әкімінің орынбасары, құрылыс басқармасы мен мердігер ұйымның басшылығы қатысқан талқылау барысында қалыптасқан проблеманы түзету бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
«Балалар ауру емес, білім алу үшін мектепке барады. Мердігер ұйымдар қысқа мерзімде кемшіліктерді жойып, сабақтарды өткізу үшін қолайлы температураны қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы керек. Бұл мәселені Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ерекше бақылауда ұстайтын болады», - деді Айдос Жүнісов.
Естеріңізге сала кетейік, 900 оқушыға шақталған М. Жұмабаев атындағы ІТ мектеп-лицейі 2021 жылы «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ тапсырысы бойынша «Құрылыс - Сервис СК» ЖШС салынды.
[xfvalue_img]
26 пікір