Бірлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының жүз жиырма екінші отырысын өткізу туралы
2022 жылғы 3-7 қазанда Алматы қаласында Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз жиырма екінші отырысы өтті.
Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын қарастыруды және бекітуді жалғастырды, 2023 жылға арналған камералдық жұмыстар жоспарын бекітті, сондай-ақ алдағы жылы далалық жұмыстар жоспарын талқылады.
Комиссияның келесі отырысы 2022 жылдың қарашасында Ресей Федерациясының аумағында өтеді.
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/437346?lang=kk
[xfvalue_img]
20 пікір