Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз он жетінші отырысын өткізу туралы
2022 жылғы 16 - 20 мамырда Мәскеу қаласында Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз он жетінші отырысы өтті.
Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелеріне демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын қарастырды, мемлекеттік шекараның әртүрлі учаскелерінде оның сызығын белгілеуге байланысты бірқатар мәселелерді талқылады.
Комиссияның келесі отырысы 2022 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының аумағында өтеді.
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/375096?lang=kk
[xfvalue_img]