Мажарстан «Жаңа Қазақстанмен» стратегиялық әріптестікті дамытуға мүдделі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Будапештке бүгінгі жұмыс сапары барысында Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту перспективалары, «Жаңа Қазақстанды» құру бағыты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Мажарстанның сыртқы саяси ведомствосы Мемлекеттік хатшысының орынбасары Андраш Барани Р. Василенкомен бірге екі министрлік арасындағы саяси консультациялардың кезекті раундын өткізді.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Сонымен бірге екіжақты іс-шаралардың кестесі, оның ішінде Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийартоның алдынғы уақытта Қазақстанға жұмыс сапары және жоғары деңгейдегі байланыстар қаралды.
Сауда-экономикалық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 138,7 млн. долл. құрып, 2020 жылғы көрсеткіштерден 19% асып өтті. Қазақстандық өнімнің Мажарстанға экспорты 15,4 млн долл. (40% - ға өсу), ал Қазақстанға мажарстандық импорт - 123,3 млн. долл. құрды (өсім 16,3%). Мажарстаннан Қазақстан экономикасына тікелей инвестициялар көлемі 2005 жылдан бастап 270 млн. долл. құрды. Қазақстанда 30-ға жуық мажар компания жұмыс істейді, оның ішінде «MOL», «Gedeon Richter», «Egis» және т. б.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Р. Василенко және 2015-2019 жылдары Мажарстанның Қазақстандағы Елшісі ретінде жұмыс істеген А. Барани стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту бағытына бейілділігін растады. Дипломаттар Қазақстан-Венгрия қарым-қатынастары ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша одан әрі дами беретініне сенім білдірді. Ауыл шаруашылығын, энергетиканы, құрылысты, автомобиль және химия индустриясын, туризмді, инновациялар мен фармацевтиканы қоса алғанда, инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалы салалары ерекше атап өтілді.
Осы күні Р. Василенко екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына және «Жаңа Қазақстанды» құру жөніндегі реформаларға арналған «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты. Іс-шара қатысушыларына министрліктер мен ведомстволар қатарынан, Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер институты, академиялық, сараптамалық және іскерлік топтар өкілдеріне Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қарым-қатынастардың негізгі даму кезеңдері, Қазақстандағы қазіргі жағдай, адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайту жөніндегі мемлекеттің кешенді шаралары, сондай-ақ ауқымды саяси мен әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыру туралы ақпарат жеткізілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған.
Мажар спикерлері әріптестіктің 30 жылы ішінде қол жеткізілген екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті, сондай-ақ еліміздегі саяси реформалардың жаңа бағытына қолдау білдіріп, «Жаңа Қазақстанды» құру жөніндегі президенттік бағдарламаның ерекше өзектілігі мен уақтылығын атап өтті.
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/365570?lang=kk
[xfvalue_img]
7 пікір