Қазақстан мен Өзбекстан Кәсіподақтар федерациялары Еңбек Адамының құқықтарын қорғауда өзара іс-қимылды күшейтуде

Қазақстан мен Өзбекстан Кәсіподақтар федерациялары Еңбек Адамының құқықтарын қорғауда өзара іс-қимылды күшейтуде

Қазан айының соңғы күндерінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясына алғашқы ресми сапарымен Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясының (ӨКФ) төрағасы Қудратулла Рафиков бастаған делегациясы келді.

Өзбекстандық әріптестеріне арналған алғы сөзінде  ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Кәсіподақтар федерациясы өз қатарында 16 мыңнан астам бастауыш кәсіподақ ұйымындағы 2 миллионға жуық жұмыскерді біріктіретін еліміздегі ең ауқымды қоғамдық ұйым екенін атап өтті. Бүгінгі таңда Кәсіподақтар федерациясының құрамына 23 салалық кәсіподақ және 17 аумақтық кәсіподақ бірлестіктері кіреді. ҚРКФ төрағасы қонақтарды Федерация қызметінің негізгі бағыттарымен яғни әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі, кәсіпорындар мен ұйымдар қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғаудағы инновациялар, бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен тікелей байланысты жақсартудың жаңа форматтары, кәсіподақтық онлайн білім марафоны туралы әңгімелеп берді.

ҚРКФ басшысы атап өткендей, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы қызметінің тағы бір маңызды бағыты халықаралық ұйымдармен және шетелдік кәсіподақ бірлестіктерімен, оның ішінде ХЕҰ және ХКК-мен ынтымақтастық болып табылады.

       Еске салайық, ҚР Кәсіподақтар федерациясының делегациясы жақында жұмыс сапарымен Женевадағы Халықаралық еңбек ұйымына және Брюссельдегі Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясына барып қайтты. Осы ұйымдардың басшыларымен жүргізілген сындарлы диалог нәтижесінде бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Орталық Азия аймағынан келген әріптестерімен қарым-қатынастар туралы айта келе, ҚРКФ төрағасы тәуелсіздік жылдарында Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясы адамның лайықты өмір сүруін және еркін дамуын қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға және халықтың табысын арттыруға өлшеусіз үлес қосқанынын баса атап өтті. ӨКФ –  Өзбекстандағы ең ірі қоғамдық ұйым, оның құрамына 6 миллион жұмысшыны біріктіретін 14 салалық және 14 аумақтық кәсіподақ ұйымы кіреді.

 «Біздің ұйымдар арасында бауырлас кәсіподақтық қарым-қатынас қалыптасқаны қуантады. Өзбекстан біз үшін бауырлас ел, ал Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясы халықаралық кәсіподақ қозғалысындағы маңызды серіктесіміз», – деді ҚРКФ басшысы.

Сатыбалды Дәулеталиннің айтуынша, 2020 жылдың мамыр айында су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғындарына көрсетілген көмек – тату көршілік пен бауырластық қарым-қатынастың маңызды көрсеткіші болып табылады. ҚРКФ басшысы әріптесі, ӨКФ төрағасы Қудратулла Рафиковке көрсеткен қайырымдылық көмегі үшін алғысын білдірді. Еске салайық, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясы өзара келісім бойынша су басқан ауылдардың тұрғындарына 60 миллион теңге көлемінде  қайырымдылық көмек көрсетті.

Өзбекстан делегациясының басшысы, Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Қудратулла Рафиков ҚРКФ басшылығына жылы қабылдау мен қонақжайлық үшін  алғыс айта отырып, бұл сапарды екі ұлттық кәсіподақтар бірлестіктері арасындағы қарым-қатынасты  дамытудағы тарихи оқиға деп атады.

«Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясы қазақстандық әріптестердің барлық бастамаларын қолдайды. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы – еңбекшілерді қолдауда нақты жұмыс атқаратын кәсіподақ қозғалысының көшбасшысы. Ал бүгінгі кездесу – біздің мүшелік ұйымдар – екі елдің салалық және аумақтық кәсіподақтары арасындағы өзара тиімді мүдденің қайнар көзіне айналатын үлкен жолдың, жаңа дәуірдің бастамасы», – деп атап өтті ӨКФ төрағасы.

Осыдан тоғыз жыл бұрын Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылған болатын, Өзбекстан делегациясының осы жолғы сапары барысында екі елдің ірі қоғамдық ұйымдары екіжақты ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көтерілді.

Ұлттық заңнама шеңберінде кәсіподақтардың қоғамдағы орны мен рөліне лайық еңбекшілердің құқықтары мен мүдделерін, кәсіподақ құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша күш-жігерді біріктірудің маңыздылығына сүйене отырып, ҚРКФ мен ӨКФ басшылары Өзбекстан Кәсіподақтар Федерациясы мен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Тараптар ынтымақтастығының негізгі бағыты –  жалдамалы жұмыскердің еңбекақысын төлеу мәселелері бойынша экономикалық және әлеуметтік мүдделерін қорғау, әлеуметтік әріптестік нысандарын дамыту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу, санаторлық-курорттық сауықтыру мен демалысты ұйымдастыру, сондай-ақ жалпы және медициналық туризмді дамытуға жәрдемдесу.

 «Бүгін біздің ұйымдар екіжақты ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көтерілді. Біз қол қойып отырған Өзара ынтымақтастық туралы келісімнің екі елдің еңбекшілерінің игілігі үшін алға қойған барлық мақсаттарды жүзеге асыруға негіз болатынына сенімдімін. Біз бауырлас кәсіподақ ұйымдары арасында қалыптасқан достық қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз және Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясымен алдағы уақытта да өзара тиімді және жемісті ынтымақтастықты күтеміз. Біздің ортақ мақсатымыз – лайықты еңбекті қамтамасыз ету және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау», – деді ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин.

 «Біз Қазақстан мен Тәжікстандағы әріптестерімізбен Орталық Азия елдері кәсіподақтары Кеңесін құру туралы бастама көтердік, тиісті меморандумға қарашада Ташкентте қол қою жоспарлануда», – деді Қудратулла Рафиков.

Сапар барысында Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясының делегациясы ҚРКФ-ның бірегей фронт-кеңсесінің жұмысымен де танысты. Қазақстан кәсіподақтары күні қарсаңында ашылған Фронт-кеңсе – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кәсіподақтың қарапайым мүшелеріне жасаған тағы бір қадамы. «Zan Cliniqyс» Заң клиникасының тәулік бойы жұмыс істеуі еңбекшілерге тиімді құқықтық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Фронт-кеңсе құрамында жұмысшы жастардың әлеуетін ашуға ықпал ететін «Enbek Space» жастар коворкинг орталығы жұмыс істейді. Қонақтарға «Tatylasy Point» және «Bilim Center» атты жаңа жобалық кеңселер де таныстырылды.

ҚРКФ мен ӨКФ жетекшілері кәсіподақ ұйымдары арасында қол жеткізілген келісімдер Орталық Азия аймағындағы екі елдің кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғаудың тиімділігін артыруға сонымен қатар, халықаралық кәсіподақ қозғалысының дамуына сеп болады деген ортақ пікірге келді.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.