ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Ұлыбританиялық әріптестерімен ынтымақтастық орнатпақ

ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Ұлыбританиялық әріптестерімен ынтымақтастық орнатпақ

Бүгін ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов Ұлыбритания елшілігінің өкілдерімен кездесіп, екі ел кәсіподақтарының ынтымақтастықта жұмыс істеуіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады. 

Елшіліктің  Саяси бөлім басшысы Джэки Дэвис бастаған делегация құрамында саяси офицер Лариса Волкова  да кірді.

Ералы Тоғжанов кездесу қатысушыларына ҚР Кәсіподақтар Федерациясы жұмысының негізгі бағыттары мен әлеуметтік әріптестермен қарым-қатынас туралы айтып берді. 

Атап айтқанда, кәсіподақтардың жұмысшының құқығын қорғау бойынша қолға алынып жатқан шаралар, елдегі әлеуметтік-еңбек саласындағы түйткүлді мәселелерді шешудегі кәсіподақтардың рөліне тоқталды. 

Әлеуметтік әріптестіктің үш жақты моделі аясында жұмыс орнын сақтау бойынша 115 мыңнан астам меморандумға қол қойылған. Кәсіподақтардың қатысуымен Халықаралық еңбек ұйымының 24 конвенциясы ратификацияланған болатын. 

Бұл шаралардың барлығы жұмысшының жағдайын жақсартуға және өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған, - деді ҚРКФ басшысы. 

Кездесу барысында кәсіподақтың xалықаралық ынтымақтастығы мәселесіне ерекше мән берілді. 

ҚР Кәсіподақтар федерациясы бүгінгі таңда 30-дан аса шетелдік кәсіподақ ұйымдарымен байланыс орнатқан. 12 мемлекетпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Сонымен қатар, ҚРКФ кәсіподақтарға қатысты xалықаралық іс-шаралардың белсенді қатысушысы екендігі айтылды. 

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігіндегі Саяси бөлім басшысы Джэки Дэвис өз кезегінде Ұлыбританиядағы кәсіподақтар орталығы - Британдық тред-юниондар конгресінің қызметі туралы баяндады. Джэки xанымның өзі де кәсіподақ мүшесі екенін жеткізді. Аталған орталыққа 48 мүшелік ұйымдар бірікккен және мүшелерінің саны 5,5 миллионға жуық мүшесі бар. 

Джэки Дэвис сонымен қатар, қазақстандық тарапты екі ел кәсіподақтарының ынтымақтастығын күшейтетін жоба туралы құлағдар етіп, оның Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігі қаржыландыратынын мәлімдеді. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар болашақта тығыз-қарым қатынаста жұмыс істеуге уағдаласты. Ұлыбритания елшілігі ҚР Кәсіподақтар Федерациясына жақын күндері осы саладағы озық әдіс-тәсілдерімен бөлісуге уәде берді. 

 

 

ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Баспасөз қызметі 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.