ШҚО-да ауыл әкімдерінің алғашқы сайлауында 90-%-дан астам халық дауыс берді
Шығыс Қазақстан облысындағы 221 сайлау учаскесінде халықтың 90,9%-ы дауыс берді, деп хабарлады брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Нәбиев
Е.Нәбиевтің айтуынша, аймақтың сайлау комиссиялары келген сайлаушыларға мониторинг жүргізіп, одан алынған ақпарат халыққа интернет арқылы жарияланып отырды. Осыдан аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округ әкімдерінің алғашқы сайлауына ауылдардағы сайлаушылардың 90,9%-ы қатысқаны белгілі болды.
Сондай-ақ, брифингте ШҚО полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ернар Базаров сөз алып, бұл күні сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіпті сақтауға 800-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылғанын айтты. Оларға бюллетеньдер мен сайлау хаттамаларын тасымалдағанда қадағалау жағын қамтамасыз ету міндеттелді.
Сонымен қатар, ШҚО бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Алин барлық сайлау учаскелерінде санитарлық талаптар сақталғанын және сайлаушылар арасында коронавирус індетіне қатысты ешқандай дерек тіркелмегенін хабарлады.
[xfvalue_img]
7 пікір