Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлау науқаны аясында ҚР ОСК-да отырыс өтті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлау науқаны аясында ҚР ОСК-да отырыс өтті

 

2020 жылы 24 шілдеде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау науқаны аясында төрт мәселе қаралды:

 1) «2020 жылы 12 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы».

2) «2020 жылы 12 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерін дайындау туралы».

3) «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды өткізу кезінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі ұсынымдарды бекіту туралы».

4) «2020 жылы 12 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттарының сайлауында шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қызметінің кейбір мәселелері туралы».

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары баяндады.        

2020 жылы 23 шілдеде сағат 18-дегі жағдай бойынша облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының 17 мандатына 94 ұсынылғандардан 58 кандидатты тіркеді. Орташа есеппен бір орынға 3 адам үміткер болып табылады. Өңірлер арасында ең көп кандидаттар саны Нұр-Сұлтан қаласында және Ақмола облысында – 5 адам тіркелген.

Тіркелген кандидаттардың ішінде 48 (82,8%) ер мен 10 (17,2%)  әйел (салыстыру ретінде: 2017 жылы 47 (90,7%) ер мен 5 (9,3%) әйел, 2014 жылы 51 (96,1%) ер мен 2 (3.9%) әйел).

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Берік Имашев әйелдердің саяси белсенділігі сақталып келе жатқанын атап өтті. Тіркелген кандидаттар арасында - 10 әйел, бұл 17,2% құрайды. Өткен сайлау науқанымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2 есеге дерлік өсті.

 

Мамандықтар бойынша: 19 – инженер, 13 – экономист, 8 – педагог, 7 – аграрлық сала қызметкерлері, 5 – дәрігер, 3 – заңгер, 1 – саясаттанушы, 2 - басқалар.

Кандидаттар арасында, 21 коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері; 16 мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері; 12 мемлекеттік қызметшілер, 5 қоғамдық ұйымдардың өкілдері, 4 Сенат депутаты бар.

23 шілдеде сағат 18-ден бастап Сенат депутаттығына тіркелген барлық кандидаттар сайлау алдындағы үгітті бастай алады, ол ағымдағы жылғы 11 тамызда сағат 00.00-ге дейін жалғасады.

Сенат депутаттығына кандидаттарға үгіт жұмысын жүргізу тең жағдайларда өтуіне заңнама кепілдік береді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға арналған сайлау бюллетеньдерін әзірлеу туралы ҚР ОСК Хатшысы Сабила Мұстафина баяндама жасады.

Баяндамаға сәйкес сайлау бюллетенінің формасы Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 26 сәуірдегі №33/129 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен Ортсайлаукомның 2014 жылғы 6 маусымдағы №10/233 қаулысымен бекітілген.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 37-бабының 2-тармағына сәйкес сайлау бюллетеньдері сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резервімен сайлау округіндегі сайлаушылар санына тең мөлшерде дайындалады.

Осыған байланысты «2020 жылы 12 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауына сайлау бюллетеньдерін дайындау туралы» қаулы қабылданды. Қаулыға сәйкес облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық сайлау комиссияларына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің сайлаушылар санына сәйкес сайлау бюллетеньдерін дайындау тапсырылды.

Отырыстың үшінші сұрағы аясында ҚР ОСК мүшесі Серік Сыдықов Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен бірлесіп «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды өткізу кезінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша Ұсынымдар» құжатын әзірлеп, қол қойғанын хабарлады.

Сонымен қатар, ҚР ОСК Төрағасы Б.Имашев өңірлердегі   эпидемиологиялық жағдай әртүрлі екенін, сондықтан сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нақты шаралары бойынша негізгі шешімдерді областар, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық сайлау комиссиялары Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлермен бірлесіп қабылдайтынын атап айтты.

2020 жылы 12 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауында шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар бақылаушыларының, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қызметіне қатысты мәселелер бойынша ҚР ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова қорытынды баяндама жасады.

Қазақстанның халықаралық міндеттемелері, басқа елдердің сайлау тәжірибесі, сондай-ақ елде тұрақты аккредиттелген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары мен дипломатиялық корпустың болуы сияқты факторларды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы халықаралық бақылау институтын ашу туралы қаулы қабылдады.

ОСК қаулысы келесіні көздейді:

  • сайлау туралы конституциялық заңға сәйкес тиісті байқау рәсімін көздейді. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары ОСК Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша аккредиттеледі.

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі, егер оның Сыртқы істер министрлігі берген аккредиттеу туралы куәлігі болса, сайлауға байқауды жүзеге асыра алады.

  • шетелдік байқаушыларға аудармашының ілесіп жүру мүмкіндігі бар.
  • аккредиттеу дауыс беру күніне бес күн қалғанда, яғни 2020 жылғы 6 тамызда жергілікті уақыт бойынша 18:00-де аяқталады.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.