Мекеме қызметкерлері «Ұлттық домбыра күніне» орай онлайн-диктант жазды.

Мекеме қызметкерлері «Ұлттық домбыра күніне» орай онлайн-диктант жазды.

Ұлттық домбыра күні 2018 жылдың 13 маусымында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен бекітілді. Бүгін "Домбыра күніне" орай Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің жеке құрам қызметкерлерінен «Қос ішек » тақырыбында жазба жұмысы алынды. Департаменттің мемлекеттік тілде аудармашысы Д.Достанова  дана халқымыз домбыра арқылы талай аңыз бен шежірені кейінгі ұрпағына аманат етіп, ұлттың өткенін бүгінге жеткізген, ең қадірлі аспап қасиетті домбыраның мән-маңызы туралы түсіндіріп өтті.  Одан соң, Қызылорда облысының  тілдерді оқыту орталығының оқытушысы П.Ізбасарова  онлайн арқылы диктант жазудың алғышарттарымен таныстырды. Мәтінді мұқият тыңдаған мекеме қызметкерлері жазба жұмысын тиянақты орындады.

«Қадыр Мырза-Әлі ағамыздың «Нағыз қазақ қазақ емес, Нағыз қазақ – домбыра» деген сөзінің зор мәні бар. Бабадан қалған бағалы ұлттық құндылығымызды қастерлеп, келер ұрпаққа аманаттау әр қазақтың парызы. Бүгінгі қазақтың рухын көтеретін, бірлігін нығайтатын айтулы мерекеде домбыраның шығу тарихымен танысып, онлайн-диктан жұмысын жаздық. Домбыра әр қазақтың төрінде ілулі тұруы керек деп есептеймін. Өзім бос уақытымда балаларымды жаныма жиып алып,  домбыра шертемін, балаларыма да үйретемін»,-деді мекеменің кадр саясаты тобының инспекторы әділет аға лейтенанты Д.Оспанов. 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

114 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.