Мекеме қызметкерлері «Ұлттық домбыра күніне» орай онлайн-диктант жазды.
Ұлттық домбыра күні 2018 жылдың 13 маусымында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен бекітілді. Бүгін "Домбыра күніне" орай Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің жеке құрам қызметкерлерінен «Қос ішек » тақырыбында жазба жұмысы алынды. Департаменттің мемлекеттік тілде аудармашысы Д.Достанова дана халқымыз домбыра арқылы талай аңыз бен шежірені кейінгі ұрпағына аманат етіп, ұлттың өткенін бүгінге жеткізген, ең қадірлі аспап қасиетті домбыраның мән-маңызы туралы түсіндіріп өтті. Одан соң, Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы П.Ізбасарова онлайн арқылы диктант жазудың алғышарттарымен таныстырды. Мәтінді мұқият тыңдаған мекеме қызметкерлері жазба жұмысын тиянақты орындады.
«Қадыр Мырза-Әлі ағамыздың «Нағыз қазақ қазақ емес, Нағыз қазақ – домбыра» деген сөзінің зор мәні бар. Бабадан қалған бағалы ұлттық құндылығымызды қастерлеп, келер ұрпаққа аманаттау әр қазақтың парызы. Бүгінгі қазақтың рухын көтеретін, бірлігін нығайтатын айтулы мерекеде домбыраның шығу тарихымен танысып, онлайн-диктан жұмысын жаздық. Домбыра әр қазақтың төрінде ілулі тұруы керек деп есептеймін. Өзім бос уақытымда балаларымды жаныма жиып алып, домбыра шертемін, балаларыма да үйретемін»,-деді мекеменің кадр саясаты тобының инспекторы әділет аға лейтенанты Д.Оспанов.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]
26 пікір