Тымақ қазақтың басты ұлттық белгісі ма?

Тымақ қазақтың басты ұлттық белгісі ма?

Бізге кемшіліктерімізді көрсететіндерге алғыс айту керек.                                                                          

                                                                                                                                       Блез Паскаль, француз философы

Қазіргі қоғами даму дәуірі ақпараттық технологиялардың айырықша жетіліп, кең жайылған кезеңі екендігі әлем жұртшылығына аян. Әлеуметтік желілерді де пайданушылардың   саны бірнеше миллирдтан асатыны анық. Осы саны мол  көрермендер Қазақстанға, оның халықының тыныс-тірлігіне, жүріс-тұрысына, киім-кешегіне және тағысын тағыларға көңіл бөлетіні сөзсіз. Теледидар мен әлеуметтік желілер арқылы миллиондаған жаһандық пенделердің қазақтар туралы ой-пікірі, пайымымы мен әсері қалыптасатыны сөзсіз. Сонымен, біздің қазақтар кейбір сәттерде жағымды қырымен ерекшелене ме, әлде жоқ па? Соған көз жіберейік.

Бір таңданарлық жәйт, кейінгі кезде «тымақ» қазақ ұлттық киімнің басты белгісі ретінде кең көрініс тауып жүр. Бұл дұрыс па? Әрине дұрыс емес. Бұл үрдіс неге кең жайылып барады? Осыған жауап іздейік. Әуелі қазақ тілінің сөздіктеріне назар аударайық: «ТЫМАҚ зат. Аң терісінен жасалып, суықта киетін бас киім. ...Түлкі тымақ. Түлкі терісінен жасалған тымақ.»(Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 9 том, «Ғылым» баспасы, Алматы-1986, 364 бет); «ТЫМАҚ - қысқы аяздарда киюге арналып, малдың немесе аңның терісінен тігілетін бас киім...»(Ақбай Наурызбай. Қазақтың дәстүрлі атаулары.Алматы,2013, 437 бет). Тымақты тігу асабір шеберлікті талап етпейді. Түлкінің немесе басқа жануарлардың елтірі болса болды ауылдағы қыз-келіншек, апалардың қайсысы болсын оны тіге алады.

Тымаққа байланысты нендей жәйтке көңіл бөлуіміз керек? Тымақ қысқы аязда киюге арналған аң терісінен пішілген, тігісі қалың бас киім. Ал онда, біздің қазақ спортшылары ринг, октогон немесе күрес алаңы үстінде жаңа ғана үлкен жеңіске жетіп тұрып, ентігі басылмай, самайдан аққан тері кеуіп үлгермей көк байрақты қолына іле сала, ұлттық болмысымызды білдіру мақсатында салмақты да қалың тымақты басына неге жапсыра киеді? Қазіргі спорт кешендерінде үскірік аяз түгіл, кісі жаурайтындай салқындық та болмайды ғой. Ал ауыр тымақтың орнына қазақты жеңісімен әлемге паш еткісі келген спортшымызға әдемі оюланған жеңіл тақия неге кимеске? Тымақтың орнына әдемі оюлы тақия орынды да жарасымды емес пе? Спорт түрлерін ұйымдастырушылар осыған көңіл бөлсе деген үмітіміз бар.

Спортшыларымыз бен сахна саңылақтары ұстанған орынсыз тұстарда тымақ кию жағымсыз үрдісі, әжуалы әдеті Қазақстанда не себепті кең жәйыла бастаған? Қазақ халықының көбісінің бір кемістігі - әсіре еліктегіштігі (мысалы, осы орайда баса айта кету артық болмас, бұл - ұлтымыздың басым көпшілігінің  бір-бірімен жаппай орысша тілдесуі, ықылым заманнан болмысымызға жат әуестік - шылым тарту, быразының насыбай ату, араққа салыну, нашақорлыққа бейім болу тәрізді басқа да зиянды әдеттерге бой алдыруын атап өтуге болады): сырттан не көрсе - сол дұрыс деген түсінік ұстап, жаппай қолданады. Мысалы, атағы әлемге  таныс жеңіл салмақтағы UFC аралас жекпе-жек чемпионы Хабиб Нурмағанбетов жеңіс тұғырына көтерілген сайын авар халқының мәдени ерекшелігін білдіру мақсатында үнемі ақ жүні сыртына жалбыраған қой елтірінен көмкерілген бөрік киеді. Бұл Кавказ халықына тән құбылыс. Содан үлгі алған болу керек, аралас жекпе-жек сайыскері, UFC демеушілігімен жартылай орта салмақта өнер көрсетуші атақты жерлесіміз Шавкат Рахмонов қарсыласын жеңген сайын басына тымақ киеді. Бұны дұрыс деуге болмайды, өйткені бұл құбылыс ұлтымыздың мәдениетінің өзық үлгісін көрсетіп тұрған жоқ. Әлем жұртшылығы: Бұл қазақ деген халық жабайылау халық екен, түлкінің терісін басына қапсыра жамылып алғаны несі? - деген орынды сұрақ қоюы ықтимал. Оның алдыңғы бетінде қазақи ою орын таппаған, басқа да ұлттық ерекшелікті білдіретін белгі нышандары айқындалмаған. Түсінікті негіздерге байланысты осы талаптар орын табуы мүмкін де емес. Сондықтан ұлттық құндылықтарымызды қазіргі әлемдік талаптарға сай көрсету үшін бізге биік талғампаздық керек. Қазір әсем оюлы тақиялар шығарылып жатыр. Солардың арасынан таңдап, аса әдемілерін Ш. Рахмонов пен басқа спортшылардың бастарына кигізуге болды ғой. Тағы бір айта кетер жәйт. Кезінде, сайыс соңында  Г.Головкинның арқасына шапан жабатын. Бірақ ол шапан ауырлау екендігі көзге түсіп, қазақи оюлары тым ірі көрініп, қазақтың ұлттық киіміне ұқсастығы шамалы болатын. Осыларды да ескеру дұрыс болар еді. 

Осы кезде әлемге әйгілі жұлдыздар жануарлардың елтрін қолдануға қарсы белсенді іс-әрекет жүргізуде. Бұл қозғалыс кең танымал бола бастады. Атақты «Битлз» тобының жетекшісі Пол Маккартни жас эстрада жұлдыздарын аң терісінен бас тартуға шақырды. Оның үндеуін көптеген әлемдік жұлдыздар қолдады. Бұл үрдіс барша халықтың санасында күннен-күнге кең орын алып жатыр. Әлемдік сәнге бейімделген киім-кешек өндірісі жануарларға қатыгездікті доғаруға бет алып, табиғи елтірдің орнына өте жоғары сапалы жасанды елтірді пайдалануға көшуде. Жақында Лондон сән апталығы нағыз аң терісіне тыйым салатын бірінші жаһандық сән дизайны фестивалі болды. Осыдан бірнеше аптадан кейін АҚШ-тағы Лос-Анджелес өзінің қала шегінде тері өнімдерін өндіруге және сатуға тыйым салуға дауыс берді. Апта сайын дерлік тағы бірнеше элиталық сән үйі немесе атақты дизайнер жануарлардың елтірін пайдаланудан бас тартқан. Соңғы екі жылда Gucci, Майкл Корс, Джон Галлиано, Джимми Чу және Версаче осылай жасады. «Жасыл сәндегі» басымдығы сөзсіз Стелла Маккартни ешқашан жануарлар терілерінен өңделген шынайы елтірді мүлде пайдаланбаған

Осыған орай, біздің де әлемге танымал жұлдыздарымыз да аң терісінен жасалған бұйымдарды қолданбағаны жөн болар, әсіресе, олардың түлкітымақты ғимараттар ішінде киіп жүруі сөке екенін түсінгендері жөн. Қашанда жарасымды да сәнді нәрсеге ұмтылу керек. Келеке-күлкі болмайық, ағайын!

Нақыпбек Садуақастегі, заңгер-құқықтанушы, публицист

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

586 пікір

  1. аватар
    Zulma 19 ноября 2026 19:11

    Per informazioni su scadenza ed eliminazione, la nostra
    pagina AI Swap Face è https://aiswapface.ai/it/blog/face-swap-privacy/. Gestiamo
    questa risorsa. Per un risultato nitido, usa una foto sorgente ben illuminata con un angolo del volto simile a quello della foto di destinazione.

  2. аватар
    Odessa 19 ноября 2026 21:23

    Thanks for your marvelous posting! I certainly enjoyed reading it, you happen to be a
    great author. I will make sure to bookmark your blog and will eventually come back very soon. I want to encourage you
    continue your great job, have a nice evening!

    My page - thời tiết hôm nay

  3. аватар
    Benny 20 ноября 2026 07:55

    Please let me know if you're looking for a writer for your weblog.
    You have some really great articles and I think I would be a good asset.
    If you ever want to take some of the load off, I'd absolutely love to write some material for your blog in exchange for a link back to mine.
    Please shoot me an e-mail if interested. Many thanks!


    Feel free to visit my blog post: outdoor fabrics collection supplier Ras Al Khaimah

  4. аватар
    Lavina 21 ноября 2026 17:21

    Every brand in this guide was evaluated across multiple real-money deposit and withdrawal tests,
    with particular weight given to the online casino PayID withdrawal experience rather than just deposit confirmation speed.
    For payid pokies real money players who enjoy collecting missions and bonus drops as part of the experience, Dragonia adds that layer without sacrificing payid withdrawal casino reliability.
    Dragonia differentiates itself from every other option in the
    casinos with PayID category through its BonusCrab mechanic
    and gamified loyalty layers that reward active Pay ID players
    with extra prizes over time.

  5. аватар
    Callum 21 ноября 2026 19:25

    Because it’s fast, easy, and reliable, PayID has become a favourite banking option for Aussie pokies players.
    Well-known for offering large welcome packages and instant PayID deposits, it’s a
    great choice for Aussies looking for consistent wins and fast cashouts.
    Players find PlayAmo to be exceptionally well-stocked with the latest
    games and easy to navigate across platforms.
    Firstly, it’s worth noting that paying for online pokies
    Australia PayID is often classified as a bank
    transfer. PayID was launched in 2018 alongside the New Payments Platform (NPP) with the aim of replacing BSB transactions with something simpler and more convenient.
    Card withdrawals may take one to five business days, while bank transfers can take three to seven business days.



    References: https://superdivorcerules.com

  6. аватар
    Ericka 22 ноября 2026 00:15

    یکی از دغدغه‌های ارتباط در فضای مجازی امکان حذف اطلاعات شخصیه.
    برای شفافیت بیشتر راهنمای امنیت
    اطلاعات منتشر بشه.

    Stօp ƅy my website: moones.wiki

  7. аватар
    Clarissa 22 ноября 2026 03:56

    This design is wicked! You obviously know how to keep a reader amused.
    Between your wit and your videos, I was almost moved to start my own blog (well, almost...HaHa!) Great job.
    I really loved what you had to say, and more than that, how you presented it.
    Too cool!

    my web-site: bester-bonus.com

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.