Алғыс айту күніне арналған іс-шара
Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Алғыс айту күнін мерекелеуге арналған іс-шара өткізілді.
Іс-шараға кәсіби емес медиатор, білім беру ісінің үздігі Тажигарина Нұрия Қасым қызы қонақ ретінде шақыртылып, сот төрағасымен сот жүйесіне қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.
Сот төрағасы А.А.Муканов медиаторлармен бірлесе 2019 жылы аудандық сотпен татуласу рәсімдерін қолданумен 56 азаматтық іс аяқталып, медиатордың қатысуымен-14 іс, сот медиациясымен - 6 іс, бітімгершілік келісімімен - 36 іс және 39 қылмыстық іс медиация арқылы қаралғандығын атап өтті.
Кездесу соңында медиатор Н.Тажигарина А.Мукановқа және сот қызметкерлеріне алғыс білдірді.
[xfvalue_img]
19 пікір