«Мен сіздің көршіңізбін»: алаяқтар мессенджерде алдаудың жаңа тәсілін қолдана бастады

«Мен сіздің көршіңізбін»: алаяқтар мессенджерде алдаудың жаңа тәсілін қолдана бастады

Алаяқтар есік алдында күдікті адам тұрғанын және оның бірдеңені камераға түсіріп жатқанын айтады 

«Лаборатория Касперского» мессенджерлер арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа тәсілін анықтады. Адамға көршісінің атынан хабарлама келеді. Онда алушының шын есімі мен пәтер нөмірі аталып, «есігіңіздің алдында күдікті ер адам бірдеңені камераға түсіріп жүр» деп жазылады. Хабарлама жіберуші есікті қағып, тұрғынға ескертпек болғанын, бірақ үйде ешкім болмаған соң мессенджерге жазғанын айтады.

Кейін адамға пәтерінің жанында жүрген ер адамның бейнежазбасы деген сілтеме жіберіледі. «Сіз оны танисыз ба?» деп сұрайды. Сілтемені ашқанда бейнежазбаны көру үшін сайтқа кіруді растау ұсынылады. Адам қандай жауап таңдаса да, экранда мемлекеттік қызметтер порталына кіргені туралы жалған хабарлама пайда болады. Егер порталға өзі кірмесе, хабарламада көрсетілген «жедел желі» нөміріне қоңырау шалу керектігі айтылады.

Алаяқтар осылайша адамның өздеріне бірінші болып қоңырау шалуын көздейді. Қоңырауды адамның өзі шалғандықтан, бұл тәсіл қажетсіз кіріс қоңырауларды бұғаттайтын кейбір қорғаныс жүйелерін айналып өтуге көмектеседі. Ал адам хабарласпаса, алаяқтар өздері қоңырау шалып, оны түрлі әрекетке көндіруге тырысуы мүмкін. Мысалы, ақшасын «қауіпсіз шотқа» аударуды сұрайды.

Осындай алдау тәсілдері бұрын да кездескен. Адамға жеке мәліметтері көрсетілген күтпеген хабарлама келіп, фото, видео немесе құжатты ашу ұсынылады. Мысалы, Mamont деп аталатын мобильді троянды тарату үшін де осындай әдіс қолданылған. Алаяқтар адамның жақыны жол апатына түскенін айтып, оқиға орнынан түсірілген видеоны көруге шақырған. Ол үшін арнайы бейнеойнатқыш орнатуды сұраған, бірақ шын мәнінде зиянды бағдарлама таратқан. Басқа жағдайларда зиянды қосымшаны құжат ашатын бағдарлама ретінде көрсеткен. «Лаборатория Касперского» сарапшылары болашақта «көршінің» атынан келетін хабарламалар да троян тарату үшін қолданылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

«Мұндай хабарламалар шынайы болып көрінуі мүмкін. Алаяқтар адамның шын есімі мен пәтер нөмірін біледі. Бұл мәліметтер, мысалы, бұрын жария болып кеткен дерекқорлардан алынуы мүмкін. Хабарлама үйдің қауіпсіздігіне қатысты болғандықтан, адам алаңдап, не болғанын тезірек анықтағысы келеді. Егер бейтаныс адам сізге үрей тудыратын жағдай туралы жазып, файл ашуды немесе сілтемеге өтуді сұраса, сақ болыңыз. Ол сіз туралы кейбір мәліметтерді білсе де, бұл оның шынымен көршіңіз екенін және оған сенуге болатынын білдірмейді», – дейді «Лаборатория Касперского» компаниясының бас сарапшысы Сергей Голованов.

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін мамандар мынадай кеңес береді:

  • бейтаныс адамнан күтпеген хабарлама алсаңыз, сақ болыңыз. Ол сіздің есіміңізді немесе басқа мәліметтеріңізді білсе де, бірден сенбеңіз;
  • күдікті тіркемелерді ашпаңыз және мұндай хабарламалардағы сілтемелерге өтпеңіз. Жіберуші өзін танысыңыз немесе көршіңіз деп таныстырса, ақпаратты басқа байланыс жолы арқылы тексеріңіз;
  • хабарламада қандай да бір сервистегі аккаунтыңызға қатысты мәселе айтылса, оның ресми сайтына немесе қосымшасына өзіңіз кіріңіз. Хабарламадағы нөмірге қоңырау шалмай, ресми байланыс деректері арқылы қолдау қызметіне хабарласыңыз. 

«Лаборатория Касперского» туралы

«Лаборатория Касперского» – 1997 жылдан бері ақпараттық қауіпсіздік және цифрлық құпиялылық саласында жұмыс істейтін халықаралық компания. Бүгінге дейін ол 1 миллиардтан астам құрылғыны кең таралған киберқауіптер мен мақсатты шабуылдардан қорғады. Компания жинаған білімі мен тәжірибесін әлемдегі кәсіпорындарды, аса маңызды инфрақұрылымды, мемлекеттік органдар мен жеке пайдаланушыларды қорғауға арналған жаңа өнімдер мен қызметтерге айналдырып келеді. Оның өнімдері цифрлық өмір мен жеке құрылғыларды жан-жақты қорғауға, сондай-ақ күрделі әрі үнемі өзгеріп отыратын киберқауіптерге қарсы тұруға арналған. Олардың қатарында арнайы өнімдер, қызметтер және кибериммундық шешімдер бар. Біз әлем бойынша миллиондаған жеке пайдаланушы мен 200 мыңға жуық корпоративтік клиентке өздері үшін ең құнды нәрселерді қорғауға көмектесеміз. Толығырақ: www.kaspersky.ru

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

58 пікір

  1. аватар
    Aileen 31 октября 2026 03:42

    Auch wenn ihr im Casino online schnelle Auszahlungen nutzen wollt,
    solltet ihr verantwortungsvoll mit eurem Echtgeld umgehen.
    Wenn ihr eure Gewinne vom Online Casino mit schnellster Auszahlung erhalten möchtet, solltet ihr einige einfache, aber wichtige Grundregeln beachten. Eine Online Casino Klarna Sofort Auszahlung oder ein Casino
    mit Trustly Auszahlung setzt auf Instant Banking. Ein Casino
    mit Paysafecard Auszahlung spricht vor allem sicherheitsbewusste Spieler
    an. Ein Online Casino mit Skrill Auszahlung oder eine Online Casino Neteller Auszahlung werden meist bevorzugt bearbeitet.


    References: https://forum.rukoeu.com/d/503-neues-sofort-casino-zahlungen-bonus-und-lizenz-p
    rufen

  2. аватар
    Michael 1 ноября 2026 03:05

    There are two ways for punters to launch casinos that accept bank
    transfers outside the comfort of their homes, during their commute or short lunch breaks.
    In addition to desktops, many of these clubs are well-adapted to smartphones.

    We’ve personally reviewed these casinos with instant bank fast wire transfer casinos support before and
    were pleased with their level of service. This
    is why we’ve made this shortlist of cool clubs they can check out.

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.