ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАЙДА ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ?
«ANTIKOR LIVE» жобасы аясында «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары және азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» тақырыбында тікелей эфир өтті.
Облыс тұрғындары әлеуметтік саланың барлық мәселелері бойынша Басқарманың сайтында және ғимараттың ақпараттық бұрыштарында орналасқан 8 (7232) 75-40-43 сенім телефоны арқылы хабарласа алады.
Сонымен қатар, басқармада жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштері үшін пошта жәшігі орнатылған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштері жоқ.
Бұл туралы ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев айтты.
«2020 жылы басқармаға 397 өтініш түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан 261 және заңды тұлғалардан 136. Барлық өтініштер қаралып, түсініктемелер берілді. Уақытылы қаралмаған, қайталанған өтініштер жоқ. Сонымен қатар, елдегі төтенше жағдай кезеңінде және жалпы бірінші жартыжылдықта ең төменгі жалақы мөлшерінде әлеуметтік төлемдер мәселелері бойынша 452 359 адам жүгінді. Барлық өтініштер қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралды», - дейді Ж. Сәрсебаев.
Сондай-ақ, Басқарма басшысы аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша ақпаратпен бөлісті.
Оның айтуынша, 2020 жылы АӘК жалпы сомасы 4,7 млрд.теңгеге 10 969 отбасына (52 681 адам, оның ішінде 31 821 бала) тағайындалды (оның ішінде көп балалы 3 689 отбасы (23 393 адам, оның ішінде 17 768 бала).
[xfvalue_img]