МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДАҒЫ АШЫҚТЫҚ ПЕН АЙҚЫНДЫҚ
24 қыркүйек күні «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Р. Баирбековтың қатысуымен «Қоғаммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл айы» акциясы шеңберінде мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету» тақырыбында тікелей эфир өтті.
Эфир барысында жобалық кеңсе жетекшісі М. Бахыт мемлекеттік сатып алу саласындағы өзекті мәселелер бойынша сауалдар қойды.
Басқарма басшының орынбасары Р. Баирбеков мемлекеттік сатып алудағы арнайы тәртіп пен заңнамадағы жаңа өзгерістерге тоқталды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа әкелетін адами факторлардың барынша азайғанын айтып, порталдың автоматтандырылған жүйесінің ерекшеліктерін баяндады.
Аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент жылдың басынан бастап сатып алудың бірыңғай терезесі арқылы жоспарланған мемлекеттік сатып алу үрдістеріне мониторинг жүргізуде. Қазіргі таңда жүргізілген жұмыс нәтижесінде 642,7 млн бюджет қаражатына үнем жасалды. Бұл жұмыс ары қарайда жалғасын табады. «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бұл салада қоғамдық бақылауды күшейтіп, мониторинг жүргізетін болады.
[xfvalue_img]