СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы «Antikor.Live» тікелей эфиріне қатысты

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы «Antikor.Live» тікелей эфиріне қатысты

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы Ернар Баянғазин Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жобасының тікелей эфиріне қатысты.

Тікелей трансляция барысында аумақтық ведомство басшысы алдын алу және жедел-тергеу жұмыстарының негізгі бағыттары туралы баяндады.

Алдын алу жұмысының негізгі құралдары мемлекеттік қызметтерді алу тетігін жетілдіру, мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

«Қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 2 есе, баламалы мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ мемлекеттік корпорацияның бөлімдері арқылы 3 есе қысқарды. Лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне шағымдар азайды. Бұл индикаторға әкімдіктердің қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшуі оң әсер етті. 2020 жылы бұл жұмысты барлық аудандық әкімдіктер жүргізді, сондай-ақ Келер ауылында фронт-кеңсе ашылды», - деп атап өтті Ернар Баянғазин.

Спикер облыстың экономикалық белсенді халқының үштен бірі өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын пайдаланатынын атап өтті. Облыста олардың саны 834.

«Бүгінде біз өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарына сұранысты байқап отырмыз, ол арқылы 83 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 60 мыңға артық», - деді Ернар Баянғазин.

Сонымен қатар, эфир барысында солтүстікқазақстандықтардың сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейі бойынша өңірлік сауалнаманың қорытындысы шығарылды.

Мәселен, 2020 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейі бойынша әлеуметтік сауалнама сыбайлас жемқорлық деңгейін төмен, тіпті нөл деп есептейтін азаматтардың саны 7%-ға артқанын көрсетті.

«Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жобалары туралы хабардар болу пайызы өсуде, сондай-ақ сұралғандардың көпшілігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өз үлесін қосуды өзінің борышы деп атады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның қызметіне халықтың сенім пайызы артты», - деп мәлімдеді Баянғазин.

Сөз соңында Ернар Баянғазин жүргізіліп жатқан реформалар бүкіл саланы жетілдіруге әкелетінін атап өтіп, азаматтық секторды өткізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.