Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ардагерлері 2020 жылғы қызметтің қорытындысын шығарды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ардагерлері 2020 жылғы қызметтің қорытындысын шығарды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ардагерлер кеңесі 2020 жылғы жұмыс қорытындысына арналған отырыс ұйымдастырды. Ардагерлер кеңесінің іс-шарасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев қатысты.

Сонымен қатар, кездесуге Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және онлайн режимде аумақтық департаменттер мен ардагерлер кеңесінің облыстық филиалдарының басшылары қатысты.

Ұрпақтар сабақтастығы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Осыған байланысты, 2020 жылғы шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ардагерлер кеңесі құрылды, ол тәрбие жұмысын жүргізу, оқыту және Антикор қызметкерлеріне қызметтік іс-әрекеттегі тәжірибемен бөлісу және әдістемелік көмек көрсету арқылы жеке құрам қызметінің тиімділігін арттыруға белсенді қатысады.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Рустам Ибраимов 2020 жылдың қорытындысын шығара отырып, осы бағыттардағы жұмыс нәтижелері туралы хабардар етті. Сондай-ақ ағымдағы жылға жұмыстың негізгі басымдықтары белгіленді. Сонымен қатар, кездесу барысында Қызылорда, Павлодар облыстары және Шымкент қаласы бойынша аумақтық филиалдар төрағаларының баяндамалары тыңдалды.

Алик Шпекбаев ардагерлер ұйымдарының басшыларын Антикордың халықаралық ынтымақтастық саласындағы бастамаларымен таныстырды, Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыру, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін жауапкершілігін күшейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға жеке тоқталды.

Кездесу соңында ардагерлер кеңесінің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді.

Кездесуге қатысушылар Агенттік жанындағы консультативтік-кеңесші органдармен, «Адалдық алаңы», «Адал көмек» жобалық кеңселерімен, арнайы мониторингтік топпен, республикалық ақпараттық-ағартушылық штабпен ардагерлердің ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сондай-ақ, ардагерлер кеңесімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ардагерлерінің тәжірибесін жас қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету, олардың арасында адал және мінсіз қызмет құндылықтарын насихаттау үшін, Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық қорғау қызметін өткеру саласындағы заң шығарушылық қызметіне белсенді қатысу үшін кеңінен қолдануды шешті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.