Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзін мекеменің қызметкері деп таныстырған азаматты ұстады
Бұл тұлға алаяқтық жасауда күдікке ілінді.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жеке қауіпсіздік департаменті Қызылорда және Түркістан облыстары бойынша Департаменттермен бірлесіп, алаяқтық әрекет жасауда күдікке ілінген азамат М.Т. Ташовтың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды – ол өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері деп таныстырып, ескі үлгідегі жасанды қызметтік куәлікті қолданған.
14 мамырда Ташов өзін Арман Иманбаев деген ойдан шығарылған есіммен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері ретінде таныстырып, азамат М.-нің телефонын алаяқтық жолмен иемденген. Кейін күдікті жасырынған.
Зардап шегуші Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қызылорда облысы бойынша Департаментіне хабарласты. Оның өтініші ҚР Қылмыстық кодекстің 190 бабының 1 бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде (СДТБТ) тіркелді.
Сол күні сағат 22:00-де жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Түркістан қаласына кіре берісте Түркістан облысы Жетісай ауданының тумасы, жұмыссыз Мейірхан Теміртайұлы Ташов ұсталды. Одан Ташовтың фотосы жапсырылған, офицердің ойдан шығарылған есімімен жалған қызметтік куәлік тәркіленді.
Осы адамның (фото қоса берілген) заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласуды сұраймыз.
[xfvalue_img]