АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ФРОНТ-КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев пен өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Мұрат Төлеубаевтың қатысуымен «Төтенше жағдайлар департаменті - Адалдық алаңы» фронт - кеңсесінің ашылуы өтті.
Енді облыс тұрғындары азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу, объектілерді өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеру, сондай-ақ жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жедел және ыңғайлы түрде кеңес ала алады.
«Бұл бағытта мемлекеттік органдар ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бастамашы болған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының қағидаттарын іске асыру аясында белсенді жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта облыста халыққа қызмет көрсетудің «сервистік» моделіне және ашық офистік кеңістік форматына әкімдіктер де, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері де көшетінін көріп отырмыз. Барлығы мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуді қамтамасыз ету, бюрократияны қысқарту және азаматтарымыздың мемлекеттік аппаратқа деген сенімін арттыру үшін жасалуда», - деп атап өтті өңір басшысы Ермек Маржықпаев.
Халыққа ыңғайлы болу үшін диалог алаңы бірінші қабатта орналасқан, сондай-ақ мұнда күту үшін қолайлы жағдайлар, ақпараттық стендтер, имидждік бейнематериалдар көрсетілетін теледидар қарастырылған.
«Келесі жылы біз ауылдық деңгейде «сервистік әкімдіктерді», Ореn space форматын енгізуді, басшылардың бірінші қабаттарға көшуін белсенді түрде ұйымдастыруды жалғастырамыз. Бұл мемлекеттік билік органдарының қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Мұрат Төлеубаев.
Сонымен қатар, бұл күні облыс әкімінің төрағалығымен өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство және аумақтық Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының қатысуымен кеңес өтті, онда қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын күшейту бойынша одан әрі жұмыстың негізгі бағыттарын талқылады.
Айта кетейік, қазіргі таңда облыстың барлық 19 өңірі мен Красный Яр ауылының әкімдіктері «сервистік» жұмыс форматына көшті, ал мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда Ореn space және front office форматындағы 95-тен астам кабинет ашылды.
[xfvalue_img]
20 пікір