АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ ЖАҢА «СЕРВИСТІК ӘКІМДІКТЕ» БОЛДЫ
Ақмола облысы Зеренді ауданында «Сервистік әкімдіктің» ашылуы болды. Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев және аумақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев қатысты.
«Жабық кабинеттерден ашық кеңістікке өту мемлекеттік органдардың халық үшін анағұрлым транспарентті болуға ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін барынша оңайлату, халыққа қызмет көрсету кезінде барлық қажетті ыңғайлылықты жасау, мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету – міне, мемлекеттік органдар жұмысының «сервистік» моделінің негізгі принциптері. Бүгін біз Зеренді ауданы әкімдігінің осы форматқа көшуінің куәсі болдық, ол Ақмола өңірінде он төртінші «Сервистік әкімдік» болды», - деді аймақ басшысы Ермек Маржықпаев.
Ашық бірегей алаңда аудан тұрғындары білім, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, ТҮКШ және басқа да әлеуметтік маңызы бар қызмет салалары мамандарының қызметтері мен кеңестерін алатын болады.
«Мұндай диалог алаңдарын ашу арқылы азаматтардың өтініштерін қарау мерзімдері де, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері де қысқарады. Осындай жұмыс облыстың басқа аймақтарында да жалғасын табатын болады», - деп атап өтті Мұрат Төлеубаев.
Сонымен қатар, осы күні облыс әкімі аудан әкімдігі аппаратында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кеңес өткізіп, бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін басшылардың дербес жауапкершілігі туралы ескертті.
[xfvalue_img]