Ақмола облысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің елдегі алғашқы фронт-кеңсесі ашылды

Ақмола облысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің елдегі алғашқы фронт-кеңсесі ашылды

 

        Өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Мұрат Төлеубаев пен облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысовтың қатысуымен аумақтық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің республикадағы алғашқы фронт – кеңсесінің ашылуы өтті.

        Фронт-кеңсенің жұмысы пробация, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды қайта әлеуметтендіру, әлеуметтік-құқықтық көмек алу, қылмыстық жазасын өтеген адамдарды арнайы есепке алу мәселелері, сондай-ақ пенитенциарлық жүйенің лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне шағымдану мәселелері бойынша жедел және кедергісіз жедел және кедергісіз кеңес беруге бағытталған.

        «Мемлекет басшысының мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен есеп берушілігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жұмыстың "сервистік" моделіне тек жергілікті атқарушы органдар ғана емес, басқа мемлекеттік ұйымдар да көшуде. Бұл түрлі салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді», - деді Мұрат Төлеубаев іс-шара барысында.

        Азаматтардың жайлылығы үшін мұнда ыңғайлы күту орны, ақпараттық стендтер, имидждік бейнематериалдар көрсетілген теледидар қарастырылған, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған пандус және көлікті қоятын орын орнатылған.

        «Азаматтардың сенімін арттыру үшін өңірде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарда процестерді цифрландыруды енгізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Front office және Open space сияқты жұмыс кеңістігі әрбір тұрғын өз мәселесін жедел шеше алатын тиімді диалог алаңына айналуға тиіс», - деп атап өтті Қанат Ыдырысов.

        Айта кетейік, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде қазіргі уақытта облыстың барлық 19 өңірі мен Красный Яр ауылының әкімдіктері "сервистік" жұмыс форматына көшті, ал мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда Ореn space және front office форматындағы 72 кабинет ашылды.

        Сондай-ақ, барлық аудандар мен қалалардың әкімдіктерінде бірінші қабаттарда азаматтарды қабылдауға арналған Ореn space форматындағы кабинеттер орналасқан. Қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында облыстың түрлі ұйымдарының 700-ден астам бірінші басшылары бірінші қабаттарға көшті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.