«Әкеден жақсы ұл туса игі, әкенің жолын қуса игі»

«Әкеден жақсы ұл туса игі, әкенің жолын қуса игі»

Сан-салалы полицей қызметінде өзінен үлкендерге қарап, жақындарының жолын жалғастырып келе жатқан антына адал қызметкерлер аз емес. Олардың көпшілігі әкеге еліктеп, оның еңбек жолын армандап, сол жолды абыроймен жалғастырып келеді. Жәй ғана жалғастыру емес, дұрыс бағытты таңдау арқылы өзінен кейінгілерге үлгі көрсете алуында. Себебі қанмен берілген асыл қасиеттер оларды биікке жетелейді.

Сондай жандардың бірі, ішкі істер органдарына адал қызметімен өзіндік үлесін қосып, әкенің аманатын арқалап жүрген полицей Созақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Қамшыбеков Күмісбек Қасымбекұлы.

Күмісбектің әкесі Қасымбек Ұлы Отан соғысы қарсаңында дүниеге келіп, ішкі істер саласында өзіндік із қалдырған қызметкер болды. Қасымбек органда қызмет істеген уақытта іскерлігімен, біліктілігімен ерекшеленіп, тергеу, күзет салаларында басшылық қызметтерді атқарды. Жұбайы Пернеш Баймағамбетқызымен дүниеге 4 ұл мен бір қызды әкеліп, қатарынан қалдырмай өсірді. Сол бес баласының ішіндегі Күмісбек әке жолын армандап, ерекше болып ер жетті. Ол полиция қызметкері болған әкесінің бас киімін киіп алып, айнаға қарап «Әкем секілді полицей боламын!»,- деп, армандап өсті.

Осылайша Күмісбек 1990 жылы мектепті ойдағыдай бітіріп, заң саласына оқуға түспекші болады. Алайда әкесі Қасымбек баласының болашағына алаңдап, полицей болудың қауіпті екендігін айтып, «бір үйге бір полицей жетеді, одан да сен мұғалім бол деп», - ұлын педагогикалық институтқа түсіреді. Оны тәмамдағаннан соң, форма киюді армандаған баланың мұғалім болуда да жолы болмай, әр түрлі салада уақытша жұмыс істеп жүреді. Осылай жүргенде бірнеше жылдарды артқа тастайды. Бала кезгі арманы Күмісбекке арманыңа қайта ұмтылып, полицей бол! деген жолды нұсқағандай болып, заңгерлікті игеруге қайта ұмтылады. Ол үшін әрине ата-ананың рұқсаты қажет еді. Балаларын бір жолдан басқа бағытқа қарай бұрып, алайда одан еш нәтиже шығара алмаған ата-ана бұл жолы Күмісбектің полицей боламын деген арманына қарсылық білдірмеді.  

Қайта қашанда ұл-қызы үшін алаңдап, әрдайым бақытты болғанын қалайтын тілекші жандар әкесі мен анасы Күмісбекке ақ батасын беріп, шығарып салды. Күмісбек құжаттарын жинақтап, бірден Қарағанды қаласына аттанды. Онда өзі қалаған жоғарғы оқу орнын оқып, жақсы көрсеткішпен аяқтап, қайтадан туған жеріне «қоғам тыныштығының сақшысы» болып оралды. Талабы таудай Күмісбекті басшылар қызметке бірден қабылдайды. Түрлі тапсырмаларды тапсырып, сынақтардан өткізеді. Сүрінсе қайта тұрып, оза шабатын баланың бет алысын көрген олар, күрделі істерде де ертіп жүріп, тәжірибелі маман болуына ат салысады.

Өз ісін тиянақтылықпен атқарып, қатарластарының алды болған Күмісбек осылайша тәжірибелі тәртіп сақшысы болып шыға келеді. Атқарған елеулі еңбегі үшін марапат мадақтарға да қол жеткізеді.

Жауапты саланың қазанында қайнап келе жатқан Күмісбек қаншама қанды қол қылмыскерлерді ұстап, қызметте қырағылығымен абыройы артқан полицей. Біз одан қызметін атқарып жүріп басынан кешірген оқиғаларының бірін баяндап беруді сұрап, қолқа салдық...

«Аулаларды аралап, тұрғын-үйлерді тексеру барысында бір үйден екі бірдей ер адамның мәйітін таптық, - деп бастады өзінің әңгімесін Күмісбек. Мәйіттерді тексеру барысында олардың кісі қолынан қаза болғанын анықтадық. Алайда күдіктінің артында ешқандай із жоқ, демек ол әккі қылмыскер болуы мүмкін деп топшыладық. Қылмысты қысқа мерзімде ашу үшін іліп аларлық ілік таппадық. Десек те біздің салада шешінген судан тайынбайды, бастаған ісін соңына дейін бітіріп, ауыр қылмысқа күдіктіні табуың керек. Себебі ол бұдан кейін де басқа да арам әрекеттерін іске асырып, адамдарға зардабын тигізуі мүмкін. Осылайша біз қылмысты ашуға қажетті іс-шараларды ретімен атқара бастадық. Күн сайын әріптестерімізбен бірге атқарған жұмыстарымызды саралап, алдағы жоспарларымызды тиянақтап отырдық. Күндіз-түні кезекпен ауылды торуылдадық. Келіп кетіп жатқан көліктерді тексердік. Жүргізушілер арасында сұрастырулар жүргіздік. Өткізген қаншама ұйқысыз түндердің  бірінде (аспанда әншейінде жарқырап тұратын ай да жоқ кезде), дала тас түнекте сағат 2 жарым шамасында дыбысы өзгеше жүк көлігінің гүрілі естілді. Дыбыс шыққан жаққа қарай бағыт алдық. Жақындаған сайын қылмыскерді ұстайтынымызды сезгендей қырағылығымызды күшейте түстік. Көлік тұрған жерге жақындамадық. Келгенімізді білдірмей, алыстау жерден аңдыдық. Тас түнекте көліктің жарық шамы жағылмастан жәймен қозғалды. Жүк көлігі екен. Әріптесіммен бірге сезік тудырмас үшін көлігімізді жасырып, жаяулап келіп жақындаған сәтте, күдіктілердің көлігі жүрді де кетті. Ұстап үлгермедік. Бірақ әлде де олардың қандай оймен түнгі уақытта бұлай жүргені бізге беймәлім еді. Бар ойымыз қалайда сол көлікті тоқтатып, тексеру. Қайтадан өзіміздің көлігімізге міндік те, соңынан қуа жөнелдік. Олар біздің қуып келе жатқанымызды байқап, жасырынбақшы болып, ауыл арасымен қашты. Неше түрлі ой-шұқырлы қуыстармен жүрді. Ақыры бірнеше сағаттан соң тығыларға жер таппаған олар тұйықталған көшеге барып тоқтады. Көліктен екі азамат түсіп, жаяу қаша жөнелді. Алайда бұл жолы олар бізден құтыла алмады, артынан жетіп, ұстадық. Ал көлікті тексеру барысында  жәбірленушілердің малдары табылды. Түнгі уақытта қорадағы малдарды жымқырып, күдікті оларды өз үйіне алып барып, одан ары қарай жүк көлігіне артып, басқа жаққа өткізбекші болған екен.

Бөлімге жеткізіп, тергеу жүргізілді. Оқиғаға жүргізушінінің қатысы жоқ екендігі белгілі болды. Уәделескен жол ақысын төлегендіктен күдіктінің айтқанын істеп, діттеген жеріне жеткізбекші болған. Ал көлікті жалдаушы азамат, яғни күдікті әккі ұры болып шықты. Ол бұл қылмысынан бұрын да ұрлық жасап, сотты болған екен. Алайда баяғы әрекеті оған сабақ болмаған секілді. Өткен қателігін қайталап, қылмысқа барып отыр. Күдіктінің әлгінде табылған екі ер азаматтың мәйітіне қатысы бар болып шықты.

Яғни мәйітке қатысты оқиға былай болған...қылмыскер мал ұрлауға үшін жалғыз басты еркектің үйін назарға алады. Осылайша бірнеше күн өзінің жоспарын құрып, ұрлықты жасауға барған сәтте жалғызбасты еркектің үйінде  қонағы бар екен. Десе де мал ұрысы өзінің арам пиғылын іске асыру үшін, дайындап алып барған қатты ағашпен еразамат пен қонақ жігітті өлімші етіп сабап, өлтіріп, 20-ға жуық қозылы қойды көлік шақырып, өзінің жеке мүлкі секілді өзгеге еш сездірместен артып алып, оқиға орнынан қашып кетеді. Содан соң малдарды сатып, ақшасын бас пайдасына жаратып, күнелтіп жүрген. Тергеу кезінде ол кінәсін толық мойындады. Қылмыстық іс сотқа жолданып,  16 жылға бас бостандығынан айырылды.»

Күмісбек Қасымбекұлының отбасы туралы айтар болсақ, ол бүгінде өмірлік жары Зәуре Нұрмаханқызымен бірге 5 ұл 1 қызды тәрбиелеп, өсіруде. Ұлдарының үлкені Нұрдәулет атасы мен әкесінің ізін жалғастырып, заң саласын меңгерген полиция қызметкері. Ол Түркістан қалалық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі. Нұрдәулет жақында ғана шенді ару Әлиямен отау құрды. Бүгінде екеуі бірге, бір жерде қызмет етеді. Күмісбектің Нұрдәулеттен кейін Ысқақ, Дамир мен Самир атты егіз ұлдары бар. Ал арпа ішіндегі бір бидайы, қызы Зарема.

Біз болсақ өз кезегінде жұмысына жауапты әрі еңбекқор жанның сырлы сұқбатына алғысымызды айтып, шаңырағына шаттық, ырыс-ынтымақ тіледік. Күмісбек Қамшыбеков секілді өз ісінің маманы, жетістікке табанды еңбегінің арқасында жетіп, талай қылмысты ашқан қызметкер өзінен кеінгілерге үлгі. Сондықтанда Қамшыбеков Күмісбек Қасымбекұлына қашанда абырой биігінен көрініп, еңбегіңіз ел алдында елене берсін дейміз! 

Гүлнар Әбдірахманқызы

Түркістан облысы ПД

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.