Шығыс Қазақстан облысындағы фармацевтикалық қызмет субъектілері пандемияның екінші толқынына дайын ба?
Шығыс Қазақстан облысы аумағында 870-тен астам фармацевтикалық бағыттағы нысандар бар. Оның ішіне дәріханалар мен дәрі қоймалары кіреді. Үкімет тапсырмасына сәйкес 2 ай мөлшерге жететін дәрі қоры жинақталуда. Бұл туралы «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында өткен тікелей эфирде ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нургуль Кунапьянова мәлімдеді.
Департамент басшысының орынбасары Н. Кунапьянованың сөзіне сүйенетін болсақ көтерме және бөлшек саудада өткізу субъектілеріндегі дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар қалдықтарына апта сайын жүргізілетін мониторингтің ағымдағы жылғы 16 қазанындағы дерегіне сәйкес облыс аумағында 377621 дана қаптамасында ыстық түсіретін препараттар, 57972 дана қаптамасында антигулянттар, 57980 дана қаптамасында бактерияға қарсы препараттар, 25657 дана қаптамасында вирусқа қарсы препараттар, 1881632 дана бір реттік медициналық бетперделер, 73679 дана бірнеше рет қолданылатын гигиеналық таңу материалдары сияқты дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қалдықтары (қоры) бар.
Сонымен қатар, ШҚО әкімі аппаратымен «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 шілдедегі №468 қаулысына сәйкес және 2020 жылғы 9 қазандағы ҚР ДСМ формулярлық комиссиясы отырысының хаттамасы, сондай-ақ, ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 9 қыркүйектегі №21-3/Б-476 хаттамасына сәйкес, дәрілік заттардың 33 атауы бойынша шекті бағамен ШҚО бөлшек сауда субъектілеріне (дәріхана желісі бар) кейіннен өткізу үшін 2 айлық қажеттілік көлемінде дәрілік заттарды сатып алуға жалпы сомасы 19 452 993,0 теңгеге өтінім жолданды.
2020 жылғы 7 шілдеде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бөлшек саудада сатылымын бұзу, бағасын көтеру және олардың болмауы туралы ақпараттың ұлғаюына байланысты ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының м.а. бұйрығымен мониторингтік топ құрылған. Осы мақсатта қала, аудандардағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері дәріханаларға мониторинг ұйымдастырып, бақылау жүргізуде.
Егер сіз дәрі-дәрмектердің бағасын көтеру фактілеріне тап болсаңыз Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаменті - 8 7232 61 81 00 нөміріне хабарлау арқылы немесе «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалык кеңсесінің + 7 778 474 69 35 WhatsApp-нөміріне хабарлау қажет.
[xfvalue_img]
52 пікір