ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Комитетінде отандық фармацевтикалық өнім өндірісін кеңейту мүмкіндіктері қаралды
ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова фармацевтикалық саладағы отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің, Бірыңғай дистрибьютордың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Ұлттық дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының, салалық қауымдастықтардың өкілдері, сондай-ақ отандық фармацевтикалық өндірушілері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Людмила Бюрабекова бірыңғай дистрибьютор мен отандық тауар өндірушілер арасында 10 жылға дейінгі мерзімге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізудің ұзақ мерзімді шарттары жасалатынын атап өтті. Отандық тауар өндірушілермен ынтымақтастықтың мұндай тәжірибесі қазірдің өзінде өз нәтижесін беруде.
«Мемлекеттік тапсырыс арқылы фармөнімдерді кепілді өткізу нарығы он жыл ішінде өндірушілер GMP тиісті өндірістік тәжірібие стандарттарына сәйкес фармацевтикалық зауыттарды жаңарту немесе салу үшін қажетті ресурстарды таба отырып, елдің фармацевтикалық саласына жаңа инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді», - деп толықтырды Бюрабекова.
«СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріптің айтуынша, бүгінгі таңда 35 қазақстандық өндірушілермен 64 келісім-шарт жұмыс істейді, оның аясында өндірушілер 4191 дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар (961 дәрілік заттар, 3230 медициналық бұйымдар) өндірісін құрып, жаңғыртуда. Сонымен қатар, көптеген өндірушілер «Қазақстанда жасалған» деген таңбасы бар өнімдерді жеткізуді бастады.
Қазірдің өзінде қазақстандық пациенттер жүрек, артериялық гипертензия, диабет, онкология, АИТВ және т.б. ауруларын емдеуге арналған отандық дәрі-дәрмектерді тегін алуда. Биылғы жылы барлығы 535 дәрі-дәрмек түрі және медициналық бұйымдар 50,5 млрд теңгеге жеткізіледі, бірыңғай дистрибьюторды сатып алудың шамамен 30% - ын қамтамасыз ете отырып.
Қазақстанда өндірілетін дәрі-дәрмектердің номенклатурасын кеңейту жөніндегі бастама отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, кездесу барысында елде фармацевтикалық өнімге баға реттеуді енгізу мәселелері талқыланды. Жақын арада елде тіркелген барлық дәрілік препараттарға шекті бағалардың бірыңғай тізілімін енгізу жоспарланып отыр.
Өз тарапынан өндірушілер дәрілік заттардың бағасын реттеуге көшуге дайын екендігін хабарлады және тіркеу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар шығарды.
ҚР ДСМ БКБК баспасөз қызметі
[xfvalue_img]